Тапқыр болсаң талас жоқ атты сайыс
Бекітемін:
ӘБ: _______ А.М.Какимова
«___»______2013 ж
Тақырыбы: «Тапқыр болсаң талас жоқ»
Өткізген: Давлетчарова Э.В.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; тапқырлыққа, есепқұмарлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Ойын барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Сабақ мақсатымен, оның өткізу түрімен, ойын шарттарымен, ойынға қатысушылармен таныстыру.
– Ауыздан-ауызға таратылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауызша есептері бүгінгі заманымызда да өңін түсірген жоқ. Бұл есептер логикалық шымырлығымен, ой ұшқырлығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оларды шығаруда негізінен адамның жас ерекшеліктері емес, ең негізгі – адам ойының ұшқырлығы ескеріледі. Бүгінгі ойынымызға 7а,б-сыныптар шақырылып отыр.
