Арттерапия элементтерін пайдаланып, оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізу
Астана қаласы
Аскарова Риазат Нариманқызы
Педагог – психолог
«НұрОрда» қазақ- түрік лицейі
Арттерапия элементтерін пайдаланып, оқушылармен коррекциялық жұмыстар жүргізу.
Арттерапия терминін 1938 жылы Адриян Хилл сауықтыру орталықтарында «туберкулез» ауруының жұмыстарын сипаттау кезінде қолданысқа енгізген. Бұл сөз тіркесі кейінгі уақыттарда барлық ауруханалар мен психикалық денсаулық орталықтарында өткізілетін өнермен айналысудың барлық түрлерінде қолданылды.
Арттерапия – бірінші кезекте бейнелеу өнері мен шығармашылық қызметтің психотерапиялық мамандандырылған түрі.
