Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылы
Васильковка негізгі мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Абильмажинова Мунира Сайранбекқызы
Мақсаты: оқушылардың «білім», «өнер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;
— шығармашылық қабілеттерін дамыту;
— ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Гүлдер, оқулық, дәптер, сиқырлы қорап, қасиеттер жазылған қағаз қиындылары.
Шаттық шеңбері
Шеңбер бойына қолдарын гүл алып тұрады. Оқушылар бірі-біріне ізгі тілектерін айта отырып, гүл сыйлайды. Соңғы оқушы қолына алған бір құшақ гүлін ортаға қойып, баршаға жүрек жарды тілегін білдіреді.
Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы Б.Исаевтің «Мен талапты баламын» өлеңін оқып, әңгімелеу.
Ойнап бал-бұл жанамын Ер жеткен соң қалай мен
Кітап оқи аламын Бір жаңалық ашпаймыз?!
Әке сөзін тыңдайтын Қиындықтан саспайтын
Мен талапты баламын Әдептен де аспаймын
Талпынамын, тойлаймын Әбес деме мұнымен
Талабымды жоймаймын Айтайын бір шынымды
Ұлы мақсат шыңына Талмай оқып, ізденіп
Шықпай әсте қоймаймын Игеремін ғылымды
Адал ұлмен халқыма
Адал болам антыма
Кім болсам да, елімнің
Дақ салмаймын даңқына!
- Адам талаптану арқылы қандай жетістікке жете алады деп ойлайсыңдар?
Дәптермен жұмыс
- «Талап – тұлпар, білім – сұңқар»
- «Талапты бала – талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай»
- «Талаптанған тау асар»
— Талапты баланы неліктен құсқа, тұлпарға, тауға теңейді? Сол туралы өз түсініктеріңді жазыңдар.
Жаңа ақпарат
«Адам өзінің ынта-ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады»
Шығармашылық тапсырма
«Сиқырлы қорапшада» бірнеше сөздер берілген, осы сөздердің ішінен «Талапты балаға» тән қасиеттерді тауып, тақтаға іліңдер.
ІЗДЕНГІШ, ЕНЖЕР, ҰМТЫЛҒЫШ, ТАЛАНТТЫ, ЖАЛҚАУ, ҰҚЫПТЫ, ҚАБІЛЕТТІ, ЕҢБЕКҚОР, ӨНЕРЛІ, ӘДЕПТІ, САБЫРЛЫ, ТАБАНДЫ.
Тапсырма
«Талапты жетер мұратқа» тақырыбында пікір алмасыңдар.
Қорытындылау
Талабы бар адам білімді, өнерді үйреніп меңгереді. Ұлы Абай аталарың айтқандай талап – бес асыл істің бірі. Сол асылды бойымызға дарыта білейік.
Талаптанған адам өз арманына жетеді, қандай қиындық болса да жеңбей қоймайды. Ол үшін адам ерінбей, шыдамдылық, тұрақтылық таныта білу керек екен.
Жүректен жүрекке
Шеңбер бойына тұрып, С.Сұлтанқұлованың «Бүлдіршіндер әнін» бірге мәнерлеп оқу.
Ақ көңілді, пәк ниетті, Ренжіп жүрсе ата-ана
Мен бүлдіршін баламын Қабақтарын жазамын
Еркіндікке елім жетті Шаңырақтың арайланған
Әр кез ашық қабағым Келтіремін ажарын
Қолым ашық, көңілім кең Кең-байтақ туған жердің
Жазығындай даламның Сүйем әр кез самалын
Белгісіндей шат өмірдің Кемелденген қазағымның
Білмеймін еш нала-мұң Шырағы боп жанамын!