Біз мектепке барамыз
Таласбаева Айдана Сержанқызы
Ақтөбе қаласындағы №1 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз
(ертеңгілік) Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.
Жүргізуші: – Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз.
Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр.
mектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Өтті қызық көп күндер Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер! Айналайын балалар, Алда Мектеп-Ана бар, Өздеріңнен өседі, Өнерпаздар, даналар
