Ұшқан ұя әңгімесі
Нуркасынова Сауле Мырзагуловна
Ақтөбе қаласы,
№15 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Сабақ тақырыбы: «Ұшқан ұя» әңгімесі.
Мақсаттары: 1) Оқушыларға Б. Момышұлы туралы мәлімет бере отырып, мәтін мазмұнымен таныстыру. Оқушыларды өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
2) Оқушылардың тіл белсенділігін арттыру, ойлау ойын білдіру, есте сақтау қабілеттерін және оқу мен жазу мәдениетін дамыту;
3) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, батыл да төзімді болуға тәрбиелеу. Ата тегін біле отырып, ел нысанасын қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдістері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, ой қозғау, Венн диаграммасы, топтастыру, түртіп алу, бес жолды өлең құрастыру.
Көрнекілігі: Б. Момышұлының шығармалары және ол туралы кітаптар, Б. Момышұлының әр жастағы суреттерінің жиыны, автор орындығы.
