«Абай Құнанбаев: Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол » өлеңі
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы Федров ауылы
Федров қазақ орта жалпы
білім беретін мектебі
Пән: қазақ әдебиеті
Сабақ тақырыбы: «Абай Құнанбаев: Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңі
Пән мұғалімі: Құрманғазиева Маржан Махмедқызы
Жаңа форматтағы ашық сабақ жоспары
Сыныбы: 9
Күні:
Сабақтыңтақырыбы
Абай Құнанбаев «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол»
Мақсаты:
Білімділік: Абай өлеңдерінің мазмұны мен идеясын меңгертуде оқушылардың сөздік қоры молаяды, өлеңнің тіл ерекшелігіне оқушылардың назары ауады, көркемдігін түсінеді.
Күтілетін нәтижелер
Өлеңнің мазмұнын түсінеді, әдеби – теориялық түсініктерді ұғына біледі, мәтінмен жұмыс істей білуге төселеді, мәнерлеп оқу дағдылары жетіледі. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын түсінеді.
Абайдың ұлылығын терең сезеді, Абай мұрасына қызығушылықты артады, оқып – білуге, тани түсуге ұмтылады.
Топта жұмыс жасай алады және топ ішінде бір-бірін бағалайды.
Керекті жабдықтар
Түрлі-түсті суреттер, жүрек, май шам макеті.
Оқулық, постер, маркер, түрлі-түсті стикерлер
Үлестірмелі қағаздар.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
(1-мин)
Үй тапсырмасы
(7-мин)
Оқушылармен амандасу
Топтық ережені үнемі естерінде сақтау, бір – бірінің пікірін тыңдау, басқаның ойымен санасу керектігін ескерту.
Жақсы тілекпен түрлі майшам суреті үлестіріледі.
Мұғаліммен амандасады.Оқу – құралдарын түгелдеп,бар назарларын сабаққа аударады.
Өткен сабақта бөлінген топтары бойынша «Әуелде бір суық мұз-ақыл зерек» өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.
Әр шумақтағы тірек сөздерді таңдап алып, өздерінің жұптарына атау етіп алады. Бүгінгі сабақтағы мақсаттарын айтады
Тұсаукесер
(7-мин)
«Абай» 1-деректі фильмінен бейнебаян
көрсетіледі
Жетекші сұрақтар беріледі
1)Бейне баяннан не ұқтыңыз? Кейіпкерлері кімдер?
2)Қандай әдебиет теориясын қолдануға болады?
3)Бейнебаянның жаңа сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсың?
Негізгібөлім
(20-минут)
-Бүгінгі жаңа сабақ тақырыбы: «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңі
Мұғалім Абайдың «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол» өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.
№1Әр топқа тапсырмалар беріледі. «Суреттерді сөйлетіп көрейік!» тапсырмасының шарты:Өлең жолдарындағы сөздерге сәйкес суреттерді орната отырып, өлеңнің мағынасын ұғыну
Әр топ өлеңнің
біршумағын топта
талқылайды.
1)1-шумақ
2)2-шумақ
3)3-шумақ
Оқитын оқушыны
таңдайсыңдар.
№2. Тапсырма:
«Қайрат» тобына
Әдеби талдау
«Толық адам» тобына
Поэтикалық талдау
«Ғылым» тобынасалыстырмалы талдау
Ғашықтық, құмарлық пен — ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам болайын, сен аман бол.
Көңілімнің рақаты сен болғансың,
Жасырынба, нұрыңа жан қуансын.
Бірге жаққан біреуге жақпаушы еді,
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?!
Ғашықтық келсе жеңер бойыңды алып,
Жүдетер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе,
Дәмеленсе өртенер күйіп-жанып.
Топтасып жұмыстанады.Өлеңнің мазмұнын түсіндіреді,мәнерлеп оқиды,қорытындылайды.
Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдаудың толық үлгісі
1. Авторы2. Тақырып3. Жанр түрі4. Идеясы5. Шумақ
6. Тармақ7. Бунақ8. Буын саны9. Ұйқас
1. Әдеби теориялық ұғымдар
2. Түсіндірме сөздік
3. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні.
«Ғашықтың тілі-тілсіз тіл» өлеңі
Қорытынды
(7 минут)
«Жүрек ағашы тапсырмасын орындау»
1)Эссе жазу
2)Өлең жазу
3)Қазіргі ғашықтық
Бағалау
(3 минут)
Әр оқушы берілгенмайшам түрін таңдау арқылы өз-өздерін бағалайды топ мүшелері оқушының бағасына келісетінін, келіспейтінін айтады.
Үйге
Тапсырма
Өлеңді жаттау «Поэзия минутына» дайындалу.
