Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Қазақ тілі 2-сынып
Подстепный № 1 ЖОББМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Диярова Ш.Т.
Тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер
Мақсаты: 1. Сөз туралы оқушылардың алған білімдерін пысықтау. 2. Кейбір сөздердің мағынасы қарама-қарсы болатыны туралы түсінік беру. 3. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді мәтіннен таба білуге, оларды орнымен жұмсауға үйрету. 4. Оқушылардың сөздік қорын молайту.
Сабақтың көрнеклігі: сурет, кеспе,
Пәнаралық байланыс: математика, дене шынықтыру, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
- Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
Үш топқа оқушыларды бөліп шырша безендіру.Әр сұраққа жауап берген сайын оқушылар шыршаға ойыншық іліп отырады.
1-ойынышық. Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар қойылды.
- Балалар, сөздер мағынасына қарай қандай топтарға бөлінеді?
- Заттың атауын, қимылды, сапаны және санды білдіретін сөздер.
Тақтада үш шырша ойыншығының суреті ілініп тұрады.Үш қатар оқушылары шырша ойыншығын таңдайды.Әр ойыншықтың артында әріп берілген. Сол әріпке олар заттың атын, қимылды, сапаны және санды білдіретін сөздер айтады және сол сөзге сұрақ қояды.
- Сонымен, балалар,сөздер көптеген мағынаны білдіреді. Мына суреттерге қарап сөздердің атауын атаңдар.
Керік биік, жылқы аласа
Ата қарт, бала жас
Пияз ащы, кәмпит тәтті
Қыз кеште ұйықтады, таңертең ұйқыдан тұрды
- Осыларды айта келе біздер сөздің тағы қандай болатынын байқадық?
- Қарама-қарсы мағынада болатынын байқадық.
- Операционалдық-орындаушылық кезең. Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз қарама-қарсы мағыналы сөздер.
Дәптермен жұмыс. Күннің жадынын жазу. Көркем жазу. Ү ү әрпі , Үміт, үлкен сөздері. Үлкен қандай мағынаны береді?Осы сөзге қарама-қарсы сөз қандай? Кіші
Оқулықпен жұмыс.
2-ойыншық. 237-жаттығу ауызша орындалады. Топ-топпен орындалады.
1.Мәтінді оқып,қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап және сұрақ қой.
2. Мәтінге ат қой. Неге олай қойғаныңды дәлелде.
3.Қалтайдың қылығы дұрыс па? Үй жануарларына қатысты тағы қандай жаман қылықтар бар?
3-ойыншық. 238-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
1.Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыз. Қандай сөз тобына жатады, сұрақ қой. Мақалдың мағынасын түсіндір.
Сергіту сәті
4-ойыншық. 239-жаттығу. Таза, лас, тар, кең сөздерін қатыстырып сөйлем құра..
5-ойыншық. 240-жаттығу. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді жаз.бұл сөздердің мағынасы қарама-қарсы екенін дәлелде.
- Рефлексиялық- бағалау кезеңі
Сәйкестендір
Ұқыпты- ыссы
Қорқақ- салақ
Салқын-мықты
Білім қорыту тесті
Үш топқа үш сұрқтан тест тапсырмасы беріледі.
1.Тәртіптісөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап
А) жаман ә) биік б)тәртіпсіз в)алыс
2. күлдісөзі нені білдіреді?
А) заттың аты ә)санның аты б) сапаның аты в)қимылдың аты
3.«Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар»мақалында қарама-қарсы мағынаны білдірмей тұрған сөзді тап
А) үлкен-кіші Ә)кіші-кісі Б)бастар-аяқтар
1.көңілді сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап
А) ұзын ә) қымбат б)мұңды в)жуас
2. қарт сөзі нені білдіреді?
А) заттың аты ә)санның аты б) сапаның аты в)қимылдың аты
3.«Жазда күн ұзарады, түн қысқарады»сөйлемінде қарама-қарсы мағынаны білдірмей тұрған сөзді тап
А) күн-түн Ә) ұзарады-қысқарады Б)жазда-ұзарады
1.ауру сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап
А) салақ ә) барды б)сау в) әлсіз
2. кең сөзі нені білдіреді?
А) заттың аты ә)санның аты б) сапаның аты в)қимылдың аты
3.Түлкі өзінің қулығымен аңқау арыстанды алдап кетті.Сөйлемінде қарама-қарсы мағынаны білдіріп тұрған сөздер тобын тап
А) түлкі-қу Ә)қу-аңқау Б) арыстан-түлкі
