АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Дайындаған: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы,
Әлімбет орта мектеп -балабақшасының
алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі
Сарқұлов Ерлан Нұрмахаметұлы
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНДЕ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Оқыту процесі – екіжақты процесс, оның бір жағында оқытушы, ал екінші жағында оқушы бар. Сонда бұл процесс оқу бағдарламасына, әдістемелік нұсқаулар мен жарлықтарға және тағы басқаларға сүйене-тін басқарушы бөлік- оқытушыдан және басқарылатын бөлік- оқушыдан тұрады. Қазір мұның бірін обьект,екіншісін субьект деп те айтып
жүрміз. Оқытудың осы екі бөлігінің арасында тығыз екіжақты байланыс орнатылғанда ғана процесс өнімді нәтиже бермек.
Оқытудағы тура байланыс деп, жаңа материалды түсіндіру, тәрбиелік әсер ету, әдістемелік нұсқаулар беру /қайталаңыз,жазып алыңыз,назар аударыңыз т.с.с/ түсініледі. Мұнда оқушы мұғалімнің ықпал етуімен және өзінің ізденіп жұмыс істеуі арқылы жаңа білім мен білікті, дағдыны игереді.
