География сабақтарында пәнаралық байланысты үй лестіре білудің тиімділігі
Сейітова Толғанай Ырзақызы
Ақтөбе қаласы, Хромтау ауданы,
“Абай” негізгі мектебінің
география пәні мұғалімі
География сабақтарында пәнаралық байланысты үйлестіре білудің тиімділігі
Пәнаралық байланыс дегеніміз – әр түрлі оқу пәндерін кіріктіре оқытудың үйлесімділігі дей отырып, өз пәнім бойынша пәнаралық байланыстардың қолданылуы мен тиімділігі жөнінде ойымды ортаға салмақпын. Мектептегі пәндердің
пәнаралық байланысы – көптеген ғылымдарды кіріктіре оқыту үрдістері сияқты үлкен бір ерекшелікке ие болады. Пәндерді мазмұндары бойынша өзара үйлестіре оқыту – оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, сонымен
бірге алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне ықпалын тигізеді, біртұтас әлемдік ой – танымдарының қалыптасуына жол аша отырып, ғылыми дүниетанымын кеңейтеді.
