Абай Құнанбайұлы Әсемпаз болма әрнеге өлеңі
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы
Түймекент орта мектебі
Қошқарбаева Гүлпарида
І санатты
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Сабақтың мақсаты: ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, қазақ поэзиясының асқар биігі Абайға, оның шығармашылығына құрмет, мақтаныш сезімдерін туғызу.
Міндеті: білімділік-өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу түсіндіру; дамытушылық-оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, көркем сөз оқуын дамыту; тәрбиелік- адамгершілікке, өнер-білімді меңгеруге, өлеңді мәнерлеп оқуға тәрбиелеу.
Әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, топтастыру, талдау.
Көрнекілігі: Абай суреті, сабақ кезеңдері (слайд).
