Толықтауыш және оның түрлері
Сабақтың тақырыбы: Толықтауыш және оның түрлері
Сабақтың мақсаты: Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, ойды толықтыратын сөздердің тұрлаусыз мүшенің бірі – толықтауыш екенін анықтау.
Мақсатқа байланысты қойылатын міндеттер:
1. Мазмұнды игеруге байланысты міндет:
– толықтауыштың тұрлаусыз мүше екендігін игереді;
– оның негізі грамматикалық белгілері мен жасалу жолдарын, байланысу түрлерін біледі;
– жанама және тура толықтауыш туралы мәлімет алады.
2. Сын тұрғысынан ойлауға немесе дамытуға байланысты міндет:
– логикалық ойлау сұрақтарына жауап береді;
– берілген сұраққа тура емес, жанама жауап береді;
– сауатты талдауға үйренеді.
