Тіл талапкері атты сыныптан тыс жұмыс
« Тіл талапкері» атты сыныптан тыс жұмыс.
Мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген қүрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Жүргізуші: Туған тілім –тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім, мен де бірге өсемін, Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,-
демекші Тіл – өте маңызды құрал.Тіл болмаса ,адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.Өткен тарихымыз,халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі өте бай ,әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-дың мемкеттік тілі қазақ тілі.Мемлекеттік тілді меңгеру-ҚР-ның азаматының парызы.
