Сын есімнің жасалуы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№56 қазақ орта мектебі, қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі Бимурзаева Баян
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы
Мақсаты: Оқушы нені меңгеруге тиісті? Сын есімнің емлесін меңгере отырып.
Білімділік: сын есімнің тұлғасына, мағнасына, құрамына қарай түрлерін талдай алады; сын есімнің түрлерін сөйлем ішінде ажырата біледі, өз сөздерінің ішінде түсініп қолдана алады, адамның кескінін, мінезін, портретін суретке қарап, адамға қарап сипаттай алады; көркем шығармаладағы адамның портреттерінен қандай кейіпкер екендігін ажырата алады; көркем шығармалардағы адамның портреттерінен қандай кейіпкер екендігін ажырата алады, оқи отырып ол адамның кескінін елестете алады, қабілеті барлар суретін сала алады.
Дамытушылық: ойлау және шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін,сөздік қорын,сауаттылығын арттыру.
Тәрбиелік: ана тілінің заңдылықтарының сүйе білуге, әсемдікке, адамгершілікке,
ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрден өзгеше сабақ.
