Ақмола облысы Зеренді ауданы
Мәлік Ғабдуллин атындағы қазақ орта мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі Асқанбаева Гүлнұр Баймұқаметқызы
3-сынып. Математика пәні.
Тақырыбы: 3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
Мақсаты:
Білімділігі: Есептер шығару, тапсырмалар орындау барысында 3-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.
Дамытушылығы: Тапсырмалар орындату арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. Математикалық ой – өрісін кеңейту.
Тәрбиелілігі: Тиянақтылыққа, әсемдікке, жылдамдыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Қайталау
Әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын, топтастыру.
Көрнекіліктер: есептер, тапсырмалар, логикалық жаттығулар, суреттер.