МЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ Ж ОЛДАРЫ
Ақтөбе қаласындағы №36 қазақ орта мектебінің физика пәнінің
мұғалімі Мырзағалиева Жібек Естерекқызы
МЕНІҢ ПӘНІМНІҢ ОҚЫТЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Ғалым да, шахтер де бас иетін, Ұстазым бар сенің қасиетің. Білім берген, ой берген, ақыл берген, Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең… Осы тақырыпта эссе жазуда көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін
тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан.
1982 жылы Ақтөбе педагогикалық институтына түсіп, 1986 жылы аталған оқу орнынан «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алдым. 1986 жылы Қарабұтақ ауданындағы Дөңгелексор негізгі мектебіне жұмысқа
орналастым. 1987-1992 жылдары Октябрь ( қазіргі Мұғалжар) ауданында,1992-2001 жылдары Қарабұтақ (қазіргі Әйтеке би) ауданында, 2001-2012 жылдары Мұғалжар ауданында өз пәнім бойынша жұмыс
