Ауызша айтсаң – тез ұқтым, Көрсетсең – есте сақт аймын, Іске кіріссең – үйренем. қытай мақалы
№36 қазақ орта мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Ж.Е.Мырзагалиева
Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында пайдалану тиімділігі және табысқа жету жағдаятын туғызу жолдары
«Ауызша айтсаң – тез ұқтым, Көрсетсең – есте сақтаймын, Іске кіріссең – үйренем.» (қытай мақалы)
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени
жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
