Ана-әлем шуағы
Сабақтың тақырыбы: «Ана-әлем шуағы».
Мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарау. Ананың мейрімін, махаббатын, жақсылығын түсіну. Ана еңбегін қадірлеу білу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер ана туралы,шарлар,гүлдер,магнитофон
Жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына
құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. ! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре
беріңіздер.Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен
