Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңде р
Тасымова Салтанат Өтебайқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
А.С.Пушкин атындағы № 20 орта
мектеп Атырау қаласы
Сабақ тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Ресурстар: “Ана тілі” оқулығы 1 сынып Алматы “Атамұра” баспасы 2012ж
Жалпы мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге үйретуді жалғастыру, өлеңді мәнерлеп оқи отырып жыл құстары туралы түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Заттың атын білдіретін сөздерге сұрақ қоя біледі, шығармашылық қабілеті артады. Мәнерлеп оқу дағдысы қалыптасады.
Тапсырмалар: “Алтын қақпа” интеллектуалды ойыны негізіндегі тапсырмалар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, диалог, АКТ, топтастыру
Жүру барысы:
Мұғалімнің әрекеті:
Оқушының әрекеті:
1. Психологиялық дайындық Оқушылар бір-біріне тілектер айтады.
2.Балаларға кім? кімдер? не?
нелер? сұрақтарына жауап
беретін суреттер таратылады. Суретті атайды, сол сөздерге сұрақ қояды.Сұрақтарға байланысты топқа бөлінеді.
