Мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары
Мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары.
Түсініктеме: Мектебіміздің оқушыларының өз беттерімен құрастырған шығармашылық жұмыстары ұсынылып отыр.
Төмендегі ұсынылатын тапсырмаларды математикадан өтетін сыныптан тыс шараларда қолданып, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыруға болады.
1.Сан жұмбақ
1. 870 – 950 жылдары өмір сүрген, Шығыстың бірінші философы, ғұлама ұстаз.1.2-15.3 6.3 10.8 ( Әл – Фараби)
2. XIX ғасырдың асқар белі – Абай, XX ғасырдың заңғар биігі кім? 22.13.7.5.9.11 (Әуезов)
3. Төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын кесінділерден құралған фигураның атауы. 12.16.6.12.10.13.6.17.20(Төртбұрыш)
4. Екі нүктемен шектелген түзу. 19.7.18.21.23.14.21(Кесінді)
5. Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі кім? 22.3.24.29.3.23 29.13.22.3.10.3.7.11 (Мағжан Жұмабаев)
6. Геометриялық фигура атауы. 28.3.6.3.30.30.7.30.9.33.6.3.22.22 (Параллелограмм)
