Адамдардың күзгі еңбегі
«Қарайық, ойланайық, айтайық»
Сабақтың тақырыбы: Адамдардың күзгі еңбегі
Сабақтың мақсаты:
- Адамдардың күзгі еңбегі туралы мағлұмат беру
- Адам, қоғам, табиғат арасындағы байланысты және қоршаған орта туралы ұғымдарды дамыту.
- Оқушылардың еңбекке және табиғатқа қамқорлық пен қарау көзқарасына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пәнаралық байланыс.
Әдіс – тәсіл. Сұрақ – жауап, әңгімелесу, талдау.
Көрнекілік: күзгі адамдардың еңбегі туралы суреттер, әр түрлі сабаққа байланысты плакаттар т.б. үнтаспа.
Сабақтың барысы:
- Бастапқы ұйымдастыру
- Психологиялық дайындық
Алақай – ау алақай!
Алақай – ау алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай!
Осыдан да көлемді,
Оқи алам өлеңді.
Бардым бүгін мектепке
Оқушымын мен енді. – Жарайсыңдар.
Сабаққа қай мезгілде келеміз?
– Күз.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырыптарға шолу
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Күн, ауа, су, тау, құм, тас, саз
- Өлі табиғат заттар несімен ерекшеленеді?
- Өлі табиғат заттары қоректенбейді, өспейді, көбеймейді.
- Тірі табиғатқа нелер жатады?
- Тірі табиғатқа өсімдіктер, жануарлар, адамдар, құстар жатады.
- Тірі табиғатқа жататындар тіршілік жасай ма?
- Олар көбейеді, өседі, тіршілігін тоқтатады.
- Тірі табиғат өлі табиғатсыз тіршілік ете ала ма?
- Әрине тіршілік ете алмайды.
- Бақта нелер өседі?
- Жемістер мен жидектер.
- Жүзім, құлпынай, таңқурай бұлар нелер? Жидектер
- Ал, алма, алмұрт, өрік, алхоры, шие бұлар нелер? Жемістер
- Жарайсыңдар.
- Бақшада нелер өседі?
- Картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қызылша, қияр т.б.
- Бұларды бір сөзбен не дейміз? Көкіністер
- Олар: ұлулар, шырындар, көбелектер
- Бақшаның достарына нелер жатады?
- Оған: құстар, қандыз, бақа, ара, тұкті ара т.б.
- Жарайсыңдар.
- Назар аударайық. Мына суреттің ұқсастығы неде? Бұлар қайда өседі?
Сурет көрсетіліді.
Біреуі жердің астында, екіншісі жердің бетінде өседі. Екеуінің айырмашылығы бұлар көкіністер, себебі бұршақ жемісін жердің бетінде береді.
Жарайсыңдар.
Жаңа сабақты хабарлау.
Назар аударайық. «Қарайық, ойланайық, айтайық»
Мына суретке қарап суреттегі бейнелерді табайық.
Сурет көрсетіледі.
- неге ұқсайды? Суреттегі күзге ұқсайтыны не? Ағаш.
- Түйеге, кірпіге, көбелекке, өрмекшіге, тоқылдаққа
- Жарайды.
- Бұл суретте жылдың қай мезгілі бейнеленеді? Күз
- Күздің ауа райын бақылау белгілерін айтайық?
- Күннің ашықтығы
- Бұлтты күн
- Ала бұлтты күн
- Жаңбырлы күн
- Қарлы күн ****
- Жарайсыңдаңдар.
- Балалар, ата – бабаларымыз ауа райын бақылаған кезде құстарды қарап – ақ біліп отырған. Мысалы, қарғаны алатын болсақ жер бетінде көп болып кетсе қарғалар, сол күні жаңбыр жауады немесе ауа райы бұзылады, дегенді білдіреді екен. Сондықтан бүгінгі сабағымызға қарға қонаққа келді. Қарғаны ренжітіп алмайық оның тапсырмаларын орындайық.
Ренжитпейік.
Келесі ойынымыз «Сөзжұмбақ » шешу.
Сурет көрсетіледі.
Тақтаға назар аударамыз «Қарайық , ойланайық, айтайық»
Ж – аңбыр
А – лмұрт
П – ияз
Ы – дыс
Р – адио
А – лма
Қ – арбыз
Шешуі: «Жапырақ»
- Күзде ағаштар несімен айырылады? – Жапырағынан
- Әрине ағаштардың бәрі жалаңаштанып жапырағынан айырылады.
- Олар қандай түске боялады? Қызғыш, сары түске енеді.
- Осы жапырақтарды жабайы аңдар не істейді? Астарына төсейді.
- Күзде құстар қайда кетеді? Жылы жаққа.
- Жылы жаққа кеткен құстарды не дейміз? «Жыл құстары» дейміз.
- Жарайсыңдар.
- Күз туралы тағы не білеміз? Күн суытады, жылы киім киеді.
- Күзде адамдардың еңбегі туралы не білеміз?
- Астық жинайды, бақшаны жинайды.
- Малға дайындық қалай жасайды?
- Қораларын жөндейді, жылы қораға кіргізеді.
Кіріспе сөзі: Күзде көптеген жұмыстар жүргізіледі соған тоқталайық.
Қысқа дайындық жасайды
Отбасында жеміс – Саябақ пен жидектерді қайнатады Адамдар не істейді? саяжайларда
және тұздайды жапырақтар жинайды
Мал қораларын жөндейді, азық сақтайтын қоймаларын
шөбін дайындайды картоп, сәбіз, пияздарын салады
Кітаптан оқып беремін
«Қыстың қамын жазда ойла». Өздеріне оқытып, мағынасын ашу.
Жаз бойы бос жүрме еңбектену керек, еңбегіңнің жемісін қыста қиналмай жеп, рахатқа батасың.
Жалқау болмау керек.
Дәптермен жұмыс. Күнделік дәптері соңындағы тапсырмаларды орындау.
Қарғаның тапсырмасын орындау. Қорытынды.
Тапсырма: Салыстыру.
Сурет көрсетіледі.
Бұл суретте балалар, құстарда адам сияқты еңбек етеді, дүниеге өздерінің балапандарын алып келіп, бағып қағып ұшырады. Ал, араны алатын болсақ жаз бойы бал арасын жинап, адамға өзінің балын жинап береді. Жалғыз адамдар емес, тіршілік атаулының барлығы да еңбек етеді.
Қорытынды:
- Тосапты неден жасайды?
- Түрлі жеміс жидектерден
- Өздері үшін не дайындайды?
- Көкөністерді тұздайды.
Балалар, орнымыздан тұрайық, мына өлеңді хормен айтайық.
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл.
Қауіп қатер төнсе оған,
Қамқорға алып сүйе біл.
Өзін-өзі тану пәнінің берілуі.
«Адамның жақсы өмір сүруіне үш
сапа негіз бола алады,олар барлығы-
нан басым болатын-адал еңбек,мін-
сіз ақыл,таза жүрек.Бұл сапалар
адамды дүниеге келген күнінен бастап
тәрбиелейді».
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Адам өмірінің алтын бесігі-мектепте білім алып жатқан жас ұрпаққа адам бойындағы адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп,өмір талабына сай заңдылықтарды түсіндіреміз,үйретеміз.Әдептілік,имандылық,инабаттылық,мейірімділік,қайырымдылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың сана-сезіміне,ақыл-парасатына ұялата білу үшін,әрбір ұстаз,тәрбиеші халық педагогикасын,сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар,өзінің бойына адамдық қасиеттерді терең сіңірген,рухани жаны таза адам болуы шарт.
Бала тәрбиесі ең алдымен,аға ұрпақтын жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің тамаша үлгілерінін жиынтығынан туындайды.
Атадан балаға ұласатын асыл құндылықтар үлкендердін әнгіме желісінен,іс-қимылынан танылып,сезім жіптері арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған.
Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудін мәнісі өте зор.Қонақжай,шешен,ақынжанды,өнерпаз,өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері,салт-саналықдәстүрлері жас ұрпақтын жан дүниесіне әсер етіп,санасына сіңсе,ол ұлттық мәдениетті игерген,иманжүзді,инабатты,жалпы адамзаттық,асыл қасиеттерге ие болады.
Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді,бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында,түрлі ойындар,хикаялар,қойылымдар арқылы берілгені жөн.Өйткені өзгенің басындағыны өз басынан өткізетіндей етіп қабылдауы баланың болашағын аңғаруына айналасындағылардын іс-әрекетін түсінуіне ой елегінен өткізіп,сезінуіне ықпал етуі тиіс.
Жеке тұлғаның психологиялық,рухани,дене,әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Әрбір мектептерде оқу жылынан бастап жеке міндетті пән ретінде енгізіле бастаған өзін-өзі тану пәні әр оқушының ішкі жан дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әуелетін ашуға кзделген.
Ұрпақ өнегесі,олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап,рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз.Бұл пәннің негізгі мақсаты-адамның қоршаған ортаны танып,өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп,өзін-өзі тану негізінде,адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру,баланың өзіндік «Менің» қалыптастыру.
Бала-кең әлемдегі ең пәк,ең таза асыл жан.Оның ойының тазалығы,арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ.Бала осы ортаны қалай қабылдап,танып білсе,оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Мектеп-білім ошағы,тәрбие ортасы,тағылым табалдырығы.Осы ұлағатты ұяда жоғары ізгілік мұраттардын ең құндысы руханилық-адамгершілік тәрбие берудің ошағы «Өзін-өзі тану» пәні десек өте орнды.
Пәннің әр тарауы,әр тақырыбы болашақ ұрпақтын бойында рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп,мінез-құлқын тәрбиелеуге жалпыадамзаттық құндылықтарды,адамгершілік принцептері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.
«Өзін-өзі тану»сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық шеңбері» , «Армандайық» , «Өзіммен-өзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-Жаттығу», «Жүректен –жүрекке шеңбері» балалардын дамытушы ортасын құруға ықпал етеді,
«Шаттық шеңбері» әрбір балада өзі өзгелерге сенетін және өзі де сенімге ие болатын үлкен достық шеңберіне қабылдануы ретінде түйінделеді.Шеңберге тұрып бір-біріне деген риясыз шын жүрегінен шыққан тілектерін айтуы,жылы лебіздерін білдіруі-рухани дамудың негізін қалауға ықпал ететінін байқадық.
Ал «Тыныштық сәті» балаларға жағымды ойларға берілуге мүмкіндік жасайды.Олардың ойларына тіпті ересек адамдар ойламайтын қызықты бейнелер елестейді.Тыныштық сәті аяқталғаннан кейін балалар өздерінің санасында,қиялында ойлап тапқандары жайлы әңгімелеп,суреттейді.Оларды тыңдап отырып бала қиялының қаншалықты бай екенің көресің.
«Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отрған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке,достыққа, сүйіспеншілікке,сыйластыққа үйретуді көздейді,яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.
«Жүректен-жүрекке кезеніңде сабақ үстіндегі алған білімдерін,жана ақпараттарын қортындылай келе ой бөлісіп,жылы тілектер жүректен-жүрекке ұштасып жатады.
Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлшегі,адам табиғатта тіршілік етеді,оның мөлдіреген суын,биік тауларын,әсем бұлттарые,әсем де ерекше жыл мезгілдерін тамашалай отырып,осы кең байтақ жерімізді аялауға,кәусардай мөлдір суын ластамауға баулуымыз керек деген тәрбиенің қайнар көзі-осы «Өзін-өзі тану» пәні десек қате емес.
Туған ел,туған жер,өскен орта туралы түсініктерін кеңейту,туған елге деген сүйіспеншілік,құрмет сезімдерін дамыту ,туған тілін сүюге,елжандылыққа тәрбиелеу-пәннің негізгі мақсатының бірі.
«Өзін-өзі тану» пәні сабағында көзделген мақсат әрбір баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге,өзінің эмоциялық көңіл күйі мен мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге,бағалай білуге мүмкіндік туғызу.Мұғалім балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынасқа түсе отырып баланы өзі туралы айтуға,баға бере білуге,өзінің сезімін,мінез-құлқын,әдет дағдысын бақылай және басқара білуге,сонымен бірге жанындағы адамдарды табиғи болмысымен қабылдау,ізгі ниет,ықылас таныта білуге үйретуді көздейді.
Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың,адамгершіліктің,әділдіктің,шынайылықтың дәнін себуге болады.Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп,мінез-құлқын тәрбиелеуге,жалпы адамзаттық құндылықтарды,адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген.Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып,адамгершіліктің биігіне көтеретін,ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге,шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға,өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.
Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап,оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көніл бөліп,демеу жасасақ,қуаттандрсақ жүрегі нұрға толы,жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді адамгершілігі мол,үнемі талпынып тұратын,өз елін,жерін,тілін,отбасын сүйетін,еңбекқор,адал адам тәрбиелеп шығарамыз сөзсіз.
Міне,осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес,болашағын сәулелі күйде елестетіп,алға ұмтылатын,арманшыл,қиялы асқақ,рухы биік азамат тәбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы-сол көздген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.
11 класс оқушыларына арналған тәрбиелік сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Махаббат»
Сабақтың мақсаты: «Махаббат» адам өміріндегі шынай сезім құдіреті, құштарлық, сүйіспеншілік, құмарлық ұғымдарды ажырата алу.
Міндеттері:Жастар арасындағы қарым қатынас сезім құдіретінің маңыздылығын сезіне білу;
Алғашқы сезім, құштарлық, сүйіспеншілік, құмарлық ұғымдарын ажырата білу;
Көрнекілік: суреттер, тапсырмалар, үнтаспа, оқулық, дәптер, орамал т.б.
«Махаббат өмір көркі» Абай Құнанбаев
Шаттақ шеңбері: Бүгін сабағыма әсем де сұлу, көркіне көз тоярдай бикештер мен серілер жиналып отыр екенсіздер. Сіздермен қайтадан кездескеніме өте қуаныштымын. Сіздердің жүздеріңізге қарасам, қып қызыл қызғалдағы жайқалған көктемнің сұлулығын көремін.
«Жастық шақ өсіп тұрған гүл емес пе, сол гүлдің нағыз өзі біз емес пе!» дегендей әрқашан осылай құлпырып жүре беріңіздер. Өмірдің ең сұлу шағы Жастық шаққа не жетсін. (Үнтаспадан тыңдалады)
Гүлдәурен
Әні мен сөзі М.Шаханов.
Асау өмір арасында Елес беріп келешегің
Шалқып сәби сезімменен Қимасыңа баладың ба?
Он жыл мектеп партасында қоштасарда неге сенің
Бірге отырдым өзіңменен Жас толқыды жанарыңда
Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да, Қош бол енді,
Бала махаббатымды. Бала көктем
Терезенің жақтауына Бізді алыс сапарларға
Ойып жаздым атымды. Шақырады самолеттер
Мәтінмен жұмыс: Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін аша түсіндіру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
«Күн ұрланған күн» Г. Сайынқызының әңгімесінен үзінді. Мұғалім өзі образға еніп мәтіннің мазмұнын айтып береді.
Егер Күн айдың орнында болсаңыз не етер еді, оның шешімін құптайсызба?
Сырыңызды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?
Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?
Осындай сезім басыңыздан өткіздіңіз бе?
(серілер мен бикештердің әңгімесі тыңдалады.)
Жаңа ақпарат. Жас өспірімдер арасында достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз бала арасындағы қарым қатынасынан балауса махаббат ұялаған жан ерекше көңіл күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілік көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Адамгершілік қадір – қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады.
Сергіту сәті: «Орамал тастау» ойыны.
Ойыншылар дөңгелене тұрады немесе отырады. Ойын бастаушы шығып ескерту жасайды. «Сөзге сөз тауып айтпасаңдар сөздің атасы өледі» – деген мақал бар», дейді де ойын тәртібін түсіндіреді. Содан кейін қолыңдағы орамалды өзі қалаған бикештер мен серілердің біреуіне тастайды да, оған бір сөз айтады.
Бастаушы: бала
Орамал алушы: «Бала балдан тәтті»
Табылған сөз мәнді болып шықса, ойын одан әрі қайталана береді. Мұнан соң әлгі орамалды үшінші адамға беріп жатып басқа бір сөз айтады.
Бастаушы: қыз
Орамал алушы: «қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» т.с.с.
Жаттығу ойлану. Бүгінгі сабақтан ұққан түсініктерін байқау мақсатында жаттығу ойлану ұйымдастырылады.
І. Мәтінді өз ойларымен жалғастыру.
ІІ. Көп нүктенің орынына тиісті сөздерді қойып мақал мәтел оқу.
ІІІ. Оқулықтағы суреттерден қандай нәзік сезімдерді аңғарады қыздар.
(шығармашылық тапсырма)
Мақал мәтелдер ІІ топ тапсырмалары.
Ұлыңа беске дейін ……….. қараша
Он бес жасқа дейін ………. сана
Он бес жатан асқан соң ………. бағала
Он екіге дейін ……………. баласы
Он үштен кейін …………. баласы
Он сегізден кейін ……….. баласы
Қорытынды сөз: Бір ғұлама «мына өмірде махаббаттан тәтті еш нәрсе жоқ, ал кездесе қалған қуаныштың барлығы да екінші орындағы нәрселер» деген екен. Ал, рух – достыққа ақыл – сыйластыққа тән – көңілге осы үшеуінің қосылуы махаббатқа ықпал етеді, деген сөз бар. Шынайы махаббаттың құрбаны болған адам бақытты.
Дәптермен жұмыс: Сабақтан алған білімдерін оқушылар қайталау үшін тапсырманы орындайды.
Назар аудару: В.Шекспирдің дәйек сөзінен әрқайсылары өз ойларын ортаға салады.
Мұғалімнің сөзі: Шынайы махаббат күшінің құдіреттілігі сондай мылқауға тіл бітіріп, соқырға жанар береді, ауруды жазып, өліні тірілтеді.
Қорытындылау:
- Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесің?
- Сезім әр кез екі жақты болама?
- Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсың?
- Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?
(Әрқайсыларының өз ойларын тыңдау)
Олай болса:
Махаббат – мөлдір әлем.
Теңесер оған кәне күш.
Махаббат – асыл арман мен
Өртену, жану, сағыныш
Махаббат – мұңға жат мекен
Құдірет оның аты да.
Махаббат – ғажап ақбөкен,
Айрылып қалсаң қапыда.
Махаббат айдынында жүзіп жүрген жан тәтті сезім мен қиял құшағында болады. Сол айдында өмірінің соңына дейін жүзе беруді қалап, жағалауға шыққысы келмейтіні хақ. Керемет өмірдің сәнін келтіретін дүние ол махаббат.
Жүректен жүрекке: «Алғашқы махаббат» әнін хормен айту. М.Омаров.
