Жетіген аспабымен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Жетіген аспабымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: Жетіген аспабының шығу тарихымен таныстыру,

аспаптың дауысын тыңдату. “Оркестр” сөзіне түсінік

бере отырып, “Оркестр” ойынын ойнау;

Музыканы тыңдай білу, әнді мәнерлеп орындау

қабілеттерін дамыту;

Аспаптық өнерді қадірлеуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Жетіген аспабының суреттері, аспаптың макеті,

күйтаспалар, магнитофон, баян аспабы, плакаттар,

тапсырмалар, иртерактивтік тақта.

Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Музыка тыңдау: халық күйі ” Қара жорға”.

III. Жетіген аспабымен және шығу тарихымен таныстыру.

IV. Музыка сауаты: “оркестр” сөзіне түсінік беру, ойын ойнау.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.

VII. Ән орындау: “Бала тілегі”.

Сабақтың барысы:

Сәлемдесу. Оқушылардың дайындықтарын тексеру.

Әнұранды орындау.

– Балалар, мен сендерге күйтаспа арқылы бір музыкалық шығарма тыңдатамын. Сендер шығарманы тыңдаған кезде еркін отырып, мынадай сұрақтарға ойланып отырыңдар: 1) қандай шығарма?

2) қандай аспапта орындалды?

3) қандай әсер алдыңдар?

4) екпіні қандай?

Балалардың жауаптары әртүрлі болуы мүмкін. Қосымша сұрақтар арқылы жауаптарын бір жүйеге келтіріп, бұл шығарманың күй екенін, күй – жетіген аспабында орындалғанын және тез, көңілді орындалғанын толықтырамын.

– Балалар, мына суретке қарайықшы, бұл аспап сендерге таныс па?

– Жетігеннің құлақ күйі күрделі,

Ағылады шанағынан жыр легі.

Ұрпағына өнер ізін қалдырған,

Сарынында бабалардың тұр лебі.

– Енді балалар, осы аспаптың шығу тарихымен танысайық.

Жетіген – ең көне іщекті аспаптардың бірі.

Қаһарлы қыстың қақаған аязынан мал қырылып, үлкен жұт болады. Қазақтың ауылы ашаршылыққа ұшырайды. Онымен қоймай, сүзек ауруы тарап, ел ішінде ауру көбейеді. Көпке әйгілі күйші қарттың жеті ұлы бірдей осы ауруға шалдығып, бірінен соң бірі көз жұмады. Қаралы қайғыға душар болған күйші көкірегін кернеген мұң- зарын күйге қосады.

Үлкен ұлының дәм- тұзы таусылғанда ” Қарағым”, екінші ұлы өмірден өткенде ” Қанат сынар”, үшінші ұлы қайтыс болғанда ” Құмарым”, төртінші ұлы қаза тапқанда “От сөнер”, бесіншісінің жүрегі тоқтағанда “Бақыт көшті”, алтыншысының жамбасы жерге тигенде ” Күн тұтылды”, жетіншісі жер жастанғанда ” Жеті ұлымнан айрылдым” деп азалы күй шерткен екен.

(балалар слайдтан күйшінің балаларының аттарын оқи алады)

Арнайыаспап жасап алып, әр ұлы шәйіт болғанда бір ішектен байлап, астына асықтан тиек қойып отырыпты. Күйші қарттың жеті күйі кейіннен “Жетігеннің жетеуі” деген атпен тартылып, ел ішіне кең тарап кетіпті.

Жетіген аспабы асықтарды жылжыту арқылы күйге келтіріледі.

Аспаптың құрылысына тоқталу. Суретін көрсету, аспаптың үнін тыңдату.

Қарақат Әбілдинаның шәкірттерімен орындаған “Халық әндерінен попуриден” үзінді тыңдату.

– Балалар, оркестр деген не?

– Оркестр – түрлі музыкалық аспаптардан тұратын ұжым.

– Жетіген аспабы қазіргі ұлт аспаптар ансамблдерінде, оркестрлерде және жеке орындауларда да қолданылып жүр.

– Балалар, сендер байқап отырған шығарсыңдар, мен сендерді үш ауылға, яғни: Дина, Қорқыт, Құрманғазы ауылы деп үшке бөліп қойдым.

Біз қазір қолымызда бар аспаптармен оркестр құрып көрейік. Ол үшін алдымен ” Біздің оркестр” әнін есімізге түсірейік. Әнді әдемі, таза айту үшін бізге не керек?

– Дұрыс, біздер әнді орындамас бұрын дауысымызды жаттықтырайық.

(дауыс жаттығуларын жасау)

“Біздің оркестр” әнін хормен орындау.

– Енді балалар, әнді өз оркестрімізбен сүйемелдеп орындайық. Бірінші болып Дина ауылының балалары аспаптарда ойнайды, ал қалғандарымыз әнді айтамыз.

Сөйтіп, кезекпен әр ауылдың балалары аспаптарда ойнап шығады.

– Балалар, 7 саны қандай сан?

– Дұрыс, 7 саны қасиетті де киелі сан.

– 7 санына байланысты заттарды атау: 7 ата, 7 қазына, 7 жұт, 7 күн, 7 нан, 7 нота, 7 керемет, т.б.

– Балалар, мынау жетігеннің шанағы, аспапта ойнау үшін не жетпейді деп ойлайсыңдар?

– Ол үшін мына хаттардың ішіндегі сұрақтарға дұрыс жауап бергенде, біз жетігенде ойнай аламыз.

Сұрақтар жазылған конверттің ішінде аспапқа тарту үшін ішектер салынған.

Әр сұраққа жауап берген бала аспаптың макетіне конверттің ішіндегі ішекті аспапқа өз қолымен тағады.

Сұрақтар: Қандай күй тыңдадық?

Жетіген аспабына асықтар не үшін керек?

Қандай ән орындадық?

Қандай ойын ойнадық?

Оркестр деген не?

Күй деген не?

Жұмбақты шеш: Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,

Әуезінен жеті тарау мұң шығар.

Ойнап кетсең, түрлі-түрлі жыр шығар,

Бұл аспап, қай аспап? (жетіген)

Аспаптың ішектерін қондыру.

– Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?

Қай ауылдың ойнағаны сендерге қатты ұнады?

Бағалау.

Үй тапсырмасы: жетіген аспабының суретін салу.

– Бүгінгі сабағымызды қорытындысына барлығымыз қосылып ” Бала тілегі”

әнін орындаймыз.

– Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Сабақтың тақырыбы: “Домбырасыз сән қайда?”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: домбыра аспабы, заңғар күйші Құрманғазының өмірі,

шығармашылығымен таныстыру, домбыра туралы ән және

“Алқа” би қимылымен оюын үйрену;

Дамытушылық: музыкалық сезімдерін, музыка тыңдау, ән айту

қабілеттерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, өнерді қадірлеуге және эстетикалық

сезімдерін тәрбиелеу ;

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ою- өрнектер буклеті, күйтаспа, магнитофон,

видеомагнитофон, музыкалық аспаптар, сиқырлы сурет,т.б.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, еңбек.

Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Негізгі бөлім.

Музыка тыңдау: “Аман бол, шешем, аман бол” Құрманғазы

Би қимылы: ” Алқа”

Ою-өрнек: “Алқа”

Нота сауаты: “Ноталар айтысы”

Ән үйрену: ” Домбырасыз сән қайда?” музыкасы: И. Нүсіпбаевтікі

Жұмбақтар шешу.

III. Қорытынды бөлім.

IV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма беру.

Сыныпқа оқушылар “Адай” күйінің әуенімен кіреді.

– Армысыздар, оқушылар!

Оқушылар орындарына тұрып, ” Сәлем, тәжім” би қимылын жасайды.

– Балалар, біз қазір күйтаспадан бір шығарма тыңдаймыз. Қане, балалар музыка тыңдаған кезде қалай отырамыз?

“Аман бол, шешем, аман бол” Құрманғазы.

– Балалар, бұл қандай шығарма?

– Қандай жанр?

– Күй деген не?

– Балалар, бұл күйдің авторы атақты күйші Құрманғазы Сағырбайұлы. Біздің бүгінгі сабағымыз күйші атамыздың өмірі мен шығармашылығына арналады.

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) аса көрнекті күйші, сазгер. Кедей шаруаның баласы Құрманғазы жасынан ән-күйге әуестігімен көзге түсті. Оның алғашқы ұстазы – Ұзақ күйші. Құрманғазы өзінің күйшілік шеберлігін Байжұма, соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп шыңдаған. Есейе келе домбырашы күйшілікті арнайы өнерге айналдырады. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – “Кішкентай” шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған. Күйші шығармаларының ішіндегі халыққа танымал күйлері – “Ақбай”, “Көбік шашқан”, “Адай”, “Балбырауын”, “Аман бол, шешем, аман бол” және т.б. күйлер. Оның қазіргі таңда бізге белгілі алпыстан астам күйлері сақталған.

– Балалар, сендердің аналарын қандай әшекей бұйымын пайдаланады?

– Иә, сырғаны құлақтарына тағады. Сырғаны алқа деп те атайды. Ендеше, балалар, біз қазір ” Алқа” би қимылын үйренеміз.

Би қимылын көрсету, түсіндіру.

Дәулеткерейдің күйі “Қосалқа” күйінің ырғағымен би қимылын сынып болып орындау: би қимылының әдемі, қатесіз орындалуына көңіл аудару.

– Балалар, сендер қандай ою- өрнек түрлерін білесіңдер?

Ою-өрнектер салынған буклеттерді көрсету, олардың аттарын атау.

– Мына ою-өрнек қалай аталады? Неге ұқсайды?

– Бұл ою “Алқа” деп аталады. Біз “алқа” би қимылын үйренген едік, енді осы оюды қиып үйренейік.

Алқа – қыз-келіншектердің әсемдік бұйымы. Алқа оюы кілем, не алашалардағы суреттерді толықтыру композициясын атқарады немесе жиектеріне орналасады.

Балалар ою қиып жатқан кезде күйтаспадан күй қосылады.

– Балалар, біз егер Құрманғазы атамыз нота сауатын білгенде, дүние жүзінде оған тең келетін сазгер болмайтын еді дедік. Енді өздеріміздің нота сауатын қалай білетінімізді тексерейік.

” Ноталар айтысы”

Ән орындау: “Біздің ән” музыкасы: Б.Ғизатовтікі.

– Балалар, Құрманғазы атамыз қай аспапта ойнайды?

Домбыра аспабының құрылысын оқушыларға түсіндіру. (тақтадан домбыраның әр бөлшегін жинап көрсету)

Ән үйрену: “Домбырасыз сән қайда?”

– Біз осы домбыра аспабы туралы мына әнді тыңдап көрейік. Әннің музыкасын жазған белгілі балалар композиторы Ибрагим Нүсіпбаев.

Әнді аспаппен сүйемелдеп өзім орындап беремін.

Тақтадағы ән мәтініне қарап, әнді фраза бойынша айтып үйрену, тыныс алатын жерлерімен жұмыс жасау.

Аспаптар туралы жұмбақтарды шешу.

“Сиқырлы сурет”

Тақтада сурет жасырынып тұрады, сұрақтарға жауап беру арқылы біз аспаптың толық суретін көреміз.

Сұрақтар: – Қандай күйшімен таныстық?

– Домбыра аспабы туралы өлең оқып бер.

– Қандай би қимылын үйрендік?

– Бүгінгі үйренген ән қалай аталады?

– “Алқа” оюын қайда қолданамыз?

– Би қимылын қандай күй әуеніне биледік?

– Нота сауаты бізге не үшін керек?

Венн диаграммасын құру: Құрманғазының күйлері.

Сабаққа қатысып отырған оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: Домбыра аспабы туралы төрт жол өлең шығару, әнді жаттау.

Сабаққа қатысып отырған қонақтарға оқушылардың өз қолдарымен дайындаған буклеттерін сыйға тарту.

– Бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Сыныптан “Адай” күйінің әуенімен оқушылар шығады.

Цель урока: формирование духовной культуры учащихся

средствами музыки, литературы и изо.

Задачи:

  1. Воспитательные: воспитание любви и интереса к музыке,

способности эмоционально откликаться

на неё.

  1. Образовательные: изучение творчество композитора П. И.

Чайковского.

Закрепление понятия «музыкальный

переводчик».

  1. Развивающие: развитие музыкального слуха, внимания,

памяти, слушательской культуры,

певческих навыков: певческая установка,

дыхание, дикция, звуковедение

Музыкальный материал:

А. Островский, песня – «До, ми, соль» – исполнение.

И. Нусипбаева, песня – «Менің өлкем» – исполнение.

А. Кунанбаев, песня – «Көзімнің қарасы» – исполнение.

А. Жубанов, песня – «Ақ көгершін» – исполнение.

П. Чайковский, «Танец маленьких лебедей» – слушание.

Итальянская нар. песня «Санта Лючия» – слушание, разучивание.

Оборудование: баян, учебник «Музыка» 4-класс, магнитофон,

материал для сюрпризного момента, образцы нот.

Художественный материал: портреты композиторов, ноты,

диски.

Ход урока:

I. Психологический настрой.

Музыкальное приветствие.

Исполнение Гимна Республики Казахстан.

II. Повторение пройденного материала.

  • Перед тем, как исполнять ранее изученные песни, мы должны распеться.
  1. Гамма до мажор – дуолями, триолями.
  2. Мелодическое трезвучие – до мажор.
  3. Слоги: ля, лё.

Исполнение изученных песен: Исполнение песни: «До, ми, соль» – А. Островского.

Исполнение песни: «Менің өлкем» – И. Нусипбаева.

– Как называется, тема третьей четверти?

– Да, ребята, тема третьей четверти «Музыкальный переводчик». Посмотрите на эти портреты и скажите, кто на портретах и что объединяет этих людей? (портреты композиторов: А. Кунанбаева, А. Жубанова, П. Чайковского)

– Давайте, вспомним и поговорим о Абае.

Абай Кунанбаев(1845-1904) – великий казахский просветитель и народный композитор. Его жизни и творчеству посвящен замечательный роман М. Ауэзова «Путь Абая». Образ Абая воплощен и во многих произведениях, одно из которых – опера «Абай» А. Жубанова и Л. Хамиди на либретто М. Ауэзова.

Как музыкант и композитор он внес бесценный вклад в золотой фонд казахской музыки. Его знаменитые песни, переведенные на многие языки, известны во всем мире.

  • С какими песнями Абая мы знакомы?

Исполнение песни: «Көзімнің қарасы».

  • О чем в ней поется? Какой характер у этой музыки?
  • Ребята, а что такое опера?
  • Опера – это музыкальное произведение, предназначенное для исполнения в театре. Исполняют оперу певцы-солисты, хор и симфонический оркестр.
  • Ребята, а теперь, поговорим об А. Жубанове.

А. Жубанов (1906-1968гг.) родился в Актюбинской области. Один из первых профессиональных композиторов Казахстана,дирижер, ученый, музыковед и автор оперы «Абай», замечательных песен «Қарлығаш», «Ақ көгершін» и книг о казахской музыке «Струны столетий» и «Соловьи столетий». Он является одним из первых организаторов казахского национального оркестра.

Слушание музыки: «Ақ көгершін».

Новая тема.

  • Сейчас, ребята, мы с вами послушаем одно произведение. Обратите внимание на состав исполнителей произведения.

Слушание музыки: «Танец маленьких лебедей».

-Ребята, вы знаете, это произведение?

– Вам знакома эта музыка?

Да, ребята, мы прослушали отрывок из балета «Лебединое озеро».

  • В исполнении какого оркестра прозвучало произведение?
  • Какие еще оркестры вы знаете?

Работа в парах.

  • У вас на партах лежат конверты с карточками, на которых написаны названия музыкальных инструментов и задания. Вам нужно подобрать инструменты, соответствующие заданному оркестру.
  • Назовите инструменты,которые вы выбрали и скажите, к какой группе инструментов они относятся.
  • Попробуйте отгадать ребус, отгадав ребус вы узнаете, фамилию еще одного композитора.

Сегодня мы познакомимся с великим композитором – вот его портрет.

Петр Ильич Чайковский – великий русский композитор.

Он родился 25 апреля 1840 года на Урале, в небольшом городке Воткинске. Отец его, горный инженер, был директором завода. Мать, как было положено в то время, занималась воспитанием детей. Именно она открыла музыкальные способности своего сына и стала с ним заниматься.

Профессиональное образование Чайковский стал получать с 10 лет. Его отдали в Петербургское училище правоведения. В будущем родители мечтали увидеть в нем юриста. Но он по-своему призванию и по зову сердца, выбрал другой путь. И этот выбор оказался для него самым верным, так как он стал знаменитым композитором, которого знали не только на его Родине, но и во всем мире.

Имя его, как и музыка, принадлежит всему миру. Все свое творчество посвятил Родине, русской природе, стремлению к счастью. Чайковский писал почти во всех жанрах, но самыми любимыми были опера и симфония.П Чайковский с большим удовольствием слушал народные песни и танцы. Знакомился не только с русскими песнями, но и музыкой тех стран и народов, где бывал.

Во время путешествия по Италии он услышал красивую песню. Исполнял ее уличный мальчик-певец. Понравившуюся песню П. Чайковский ввел в свой «Детский альбом».

Слушание музыки: «Санта Лючия» – итальянская нар. песня.

  • Песня вам понравилась?
  • Какие чувства и настроения переданы в песне?

Сегодня мы начнем разучивать это произведение. Разучивание текста и мелодии песни по фразам и исполнение по цепочке.

Подведение итогов урока.

Итак, ребята мы сегодня познакомились с великим русским композитором П. И. Чайковским.

На уроке вы проделали большую работу: распределяли инструменты по оркестрам и познакомились с новой песней. А теперь с помощью «Блиц – турнира» закрепим ваши знания. Итак, у нас будут работать три команды, а команды будут называться: «Музыкальная капель», «Веселые нотки» и «Поющие цыплята».

С целью проверки усвоения изученной темы, вам будут заданы вопросы. За каждый верный ответ команда получает одну нотку. Победителем считается та команда, которая наберет больше нот. ( В конце турнира по итогам количества ноток каждая команда получит скрипичный ключ: золотой, серебряный или простой)

Вопросы:

  • В каком городе родился П. Чайковский?
  • В какой семье родился Чайковский?
  • Кто был первым учителем П. Чайковского?
  • В каких жанрах работал Чайковский?
  • Назовите известные произведения П. Чайковского.
  • Кого мечтали увидеть в нем в будущем родители? Юриста или музыканта?
  • Назовите ноты соответствующие этим рисункам.

Итак, по итогам ответов, мы определили, что вы все любите и увлечены музыкой. Сегодня даже трудно было определить лучших. Однако свои высшие знания показала команда: (название команды).

Вручение скрипичных ключей командам.

Домашнее задание: 1.Слушать музыку, звучащую вокруг нас.

2. Выучить наизусть слова песни «Санта лючия »

Оценки за урок.

  • Итак, мы можем сказать, что музыка – это особый язык, на котором люди могут выражать свои и мысли и чувства.
  • Ребята, вы сегодня меня порадовали, были хорошими исполнителями и внимательными слушателями и думаю гости были довольны вашей работой.
  • Урок окончен. До свидания!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше