Теңдеу және оны шешу тәсілдері
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Кеңқияқ елді-мекені
Кеңқияқ орта мектебі
бастауыш класс мұғалімі
Турмағамбетова Акслу Жеткерқызы
Сабақтың тақырыбы:Теңдеу және оны шешу тәсілдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: теңдеу және оны шешу тәсілдерін есептер
шығару барысында пысықтау.
Дамытушылық: логикалық ойлау есептеумен танымдық
қабілеттерін,зейінін,есте сақтауын дамыту,өздіктерінен
жұмыс істей білуіне дағдыландыру.
Тәрбиелік: өзара ынтымақтастыққа,еңбекті құрметтеуге,
шапшаңдыққа,ұқыптылыққа,тапқырлыққа,қырағылыққа
тәрбиелеу.
Әдісі: ойландыру,ой-шақыру,сұрақ –жауап.
Көрнекілігі:интерактивті тақта,карточка.
Пән аралық байланыс: ана тілі.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың сабаққа әзірлігі.
Психологиялық дайындық.
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік.
Жеткізеді біздерді
Математика сырына.
Сабақ жоспары:1-слайд
1.Бәйге.
2.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
3.Мен саған-сен маған.
4.Еңбек түбі- береке.
5.Бойы сергектің, ойы да сергек.
6.Ой толғаныс.
7.Қорытынды.
8.Бағалау.(дұрыс жауапқа ұлттық қол өнер бұйымдары таратылады)
2.Үй тапсырмасын тексеру.2-слайд
№9(оқушылар оқиды,тақта арқылы тексеріледі)
3-слайд.<<Бәйге>>ойыны арқылы(өткенді қайталау)
1.Қарама-қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз?
(тіктөртбұрыш)
2.Ауданды қалай табамыз?(ұзындығын еніне көбейтеміз)S=a*b
3.Көлемді қалай табамыз?(ұзындығын, енін,биіктігін көбейтеміз)V=a*b*h
4.Фигураның периметрін қалай табамыз?(барлық қабырғаларын қосамыз)
5.Жылдамдықты қалай табамыз?(қашықтықты уақытқа бөлеміз)V=s:t
6.Теңдеу деген не?(белгісіз саны бар теңдік)
4-слайд.Жаңа сабақ.Жұмбақты шеш.
Адасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап.(х)(теңдеу шешуде пайдаланады)
Теңдеу шешу деген не?-белгісіз санның мәнін табу.
Теңдеудің шешуі деген не?-бұл белгісіз санның мәні.
5-слайд.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.2-кезең.
Оқулықпен жұмыс.№1
Х+20*8=2600 40*6+x=9400 x*(40:4)=12600 (190-90)*x=38600
Х+160=2600 240+x=9400 x*10=12600 100*x=38600
X=2600-160 x=9400-240 x=12600:10 x=38600:100
X=2440 x=9160 x=1260 x=386
