Мекен үстеуі

Ақтөбе облысы
Қандыағаш қаласы
№4 қазақ орта мектебі
Бастауыш класс мұғалімі
Адылханова Гүлмира

Өтілетін сыныбы: 4 сынып
Өтілетін пән аты:
Қазақ тілі
Өтілетін сабақтың тақырыбы:
Мекен үстеуі
Сабақтың мақсаты:

А) Оқушылардың іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын-қимылын білдіретін сөз табы үстеу туралы түсініктерін кеңейту, мекен үстеу және оның сұрақтары туралы білім беру;
Ә) ауызекі байланыстырып, жүйелі сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту;
Б) тиянақтылыққа, жинақылыққа, ұжымшылдыққа, таза, сауатты, ұқыпты, көркем жазуға үйрету;
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО,түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу ,музыка

Сабақтың құрал жабдығы: ақпараттық техникалық құралдар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Психологиялық дайындық;

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан-жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем

Ондай кілем жок, білем.

Көктем келді күлімдеп,

“Міне, саған гүлім”! деп.

ІІ.“Ұшқыр ойдан ұтымды жауап,,

ІІІ. Ой шақыру

1. Үстеу дегеніміз не?

2. Мезгіл үстеуі дегеніміз не?

3. Үстеудің сұрақтарын ата?

ІҮ. Мағынанытану

– Балалар, біз бұл суреттерден нені байқап тұрмыз?(балалар жауап береді)

– Ереже шығару.

Қимылдың,іс-әрекеттің орнын, мекенін білдіретін сөздерді мекен үстеуі дейміз.Мекен үстеулерге қайда?қайдан? деген сұрақтар қойылады.

Мекен үстеулері:

Ілгері,кейін, әрі, бері, жоғары, төмен, жолшыбай, тысқары, алға, алда, артта,жол-жөнекей, тұс- тұстан, алды-артында.

V. Топтастыру

Үстеу

VII. Ойлаумен ой толады , сөйлеумен тіл дамиды.

1 Көркем жазу.

2Оқулықпен жұмыс.

1 – жаттығу.

1)Қайда сұрағына жауап беретін үстеулерді тауып, етістіктермен тіркестіріп жазу.

2)Мағынасын анықтау;

2 – жаттығу.

1)Мәтінді түсініп оқу .

2)Мекен үстеулерін тіркесіп тұрған сөзімен бірге көшіріп жазу.

VІІІ Ой сергіту жаттығуы

Бір сыңары сен, бір сыңары ол

жоғары –

бұрын –

мұнда –

алға –

ерте –

қыстыгүні –

алыста-

іште –

4- жаттығу

1.Сөйлемдерді көшіріп жазу

2. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

3. Үстеулерді тауып, оның қандай сөйлем мүшесі болып тұрғанын анықтау.

IX. Сергіту сәті

“Наурыз тойы,, бейне ролик

Х.Ойын кім тапқыр?

Көп нүктенің орнына тиісті үстеулерді қойып айту

Жоғары – төмен, артта,осында

Өмірдің бар кереметтерін………………………………… кездестіруге болады екен.

Қанат қолдарын ……………………………сермеп, жаттығу жұмыстарын жасады.

…………………………отырған Данияр мұғалімнің кіргенін аңғармай қалды.

5 – жаттығу.

1. ” Түлкі мен жолбарыс ,, ертегісі бейне жазба арқылы тыңдау.

2. Үстеулерді табу , сұрақ кою.

XІ.Венн диаграммасы

МезгілМекен

XII. Үйге тапсырма

А)Мекен үстеулерін қатыстырып, эссе жазу;

Ә) Мекен үстеулері кездесетін мақал-мәтелдер жазып келу

XIII. Бағалау.

Сабақта өзінің белсенділігімен көзге түскен оқушыларды өз деңгейлеріне қарай бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше