3 саны және цифры
Шакиева Жазира Ондашовна
“Балдырған” мектеп – балабақшасының тәрбиешісі
Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы
Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық
Бөлімі: қарапайым математикалық ұғымдар
Тақырыбы: 3 саны және цифры.
Мақсаты:3 саны және оның құрамымен таныстыру.Қисынды жұмбақтар жасыру арқылы,баланың логикалық қабілетін дамыту,тапқырлығын арттыру.3 санына байланысты мақал-мәтелдер,санамақтар айтқызу барысында тілдік қорын молайту.Ойын арқылы баланы жан-жақты тәрбиелеу.
Көрнекілік: бағдаршам,ойыншықтар,орман көрінісі.
Сөздік:алтын түсті,бірлік,құрамы,қағида,тура,кері т.б.
Әдісі: түсіндіру,көрнекілік,мадақтау.
