Ғажайып информатика
Қызылорда облысы Арал ауданы
№248 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Меңдалиева Райса
Тақырыбы: «Ғажайып информатика»
Мақсаты: Оқушылардың компьютерді пайдалана отырып шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын , белсенділігін арттыру, компьютерлік іскерлігін дамыту.
І жүргізуші : Тойлап маржандай боп өлеңдесіп ,
Достарым отырсыңба елеңдесіп.
Ата-салт , баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп
ІІ жүргізуші: Уа, жараңдар жараңдар
Мына бізге қараңдар
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны бізде қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
