Сыр кубогі үшін болған сайыс сабақ
Қызылорда облысы Арал ауданы
№248 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Меңдалиева Райса
Тақырыбы: «Сыр кубогі» үшін болған сайыс сабақ
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақты түрлендіріп, жаңа технологиялық әдістерді кеңінен қолдана отырып өткізу – әрбір мұғалімнің басты міндеті. Соның ішінде оқушылардың информатика
пәнінен алған білімдерінің деңгейін көтеріп тиянақты нәтижелерге қол жеткізуде – ойын түріндегі түрліше сайыс ,жарыс сабақтарын өткізудің тиімділігі өте үлкен екендігіне көз жеткізіп жүрміз.
Атап айтсақ , оқыту процесіндегі мұндай үрдістерді қолдану мынадай қасиеттерді арттыруға септігін тигізеді:
* Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
* Ойлау қабілетін ,тіл байлығын дамытады.
* Өз бетімен жұмыс істеуге ,ізденуге,іскерлікке үйретеді;
* Байқампаздыққа ,алған білімін практикалық дағдылар мен ұштастыруға.
