Астанамыз – Астана
Актөбе облысы, Шалқар ауданы,
Бозой орта мектебі
Музыка пәнінің мұғалімі:
Сыргабекова Айнагул Амитжановна.
Сабақтың тақырыбы: «Астанамыз – Астана».
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еліміздің астанасы – Астана туралы,қаланың тарихы туралы білім берумен қатар,Астана туралы жаңа әндер үйрету. Ән салу,музыка тыңдау арқылы елімізді,жерімізді сүюге,әсемдікті,сұлулықты көре білуге, әуен ырғағымен сезіне білуге тәрбиелеу.Оқушылардың ән салу,музыка тыңдау қабілеттерін одан әрі дамыту.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі:Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,музыка тыңдау,ән салу,саяхатқа шығу,музыкалық сауат.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақтада бейнеленген Астана қаласының келбеті,баян аспабы,музыкалық үнтаспа.
