Ана- өмірдің шуағы
Астана қаласы
№71 мектеп-лицей
Бастауыш сынып мұғалімі
Абилова Зухра Бақытжанқызы
Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы.»
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру.Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Сынып іші: Айдана терең ойда, сынып ішінде ерсілі-қарсылы жүр. Сол кезде Тамерлан кіріп келіп: Тамерлан: -Айдана, неге көңілсіз жүрсің? Айдана: -Е-е, Тамерлан, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.
