Жаңа сабақтар

Туған жердің табиғи байлықтары

Көктөбе ауылдық округі

№89 негізгі мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Замира Тұтқабаева

Тақырыбы:

Авторы: Қазыбеков Жанболат 3-сынып

Ғылыми бағыты: «Туған жердің табиғи байлықтары»

Жетекшісі: Тұтқабаева. З Бастауыш сынып мұғалімі

Кіріспе

Ағаштан жасалған бұйымдар төзімді, әрі жеңіл болғандықтан, қазақ халқының көшпелі турмысында қолданылуға ыңғайлы.

Қайың, қызыл қайың, арша, қарағай, тораңғыл сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке әрі құрғақ жерде кептіріп, жонып, сүргілеп дайындаған. Ыдыс – аяқ түрлері: қасық, ожау, тостаған, тегене, табақ, шелек, астау және үй жиһаздары: асадал, әбдіре, кебеже, ағаш төсек, жүк аяқ жасаған.
Қолға ұстауға жеңіл, әрі ыңғайлы етіп ойылған қымыз құятын тостағандарды күміс түйіршіктер салып та нақыштайды.Қымыз құятын тегенелердің бірнеше түрлерін көруге болады. Олардың көпшілігі іші –сырты мұқият өңделіп, сыртына ою-өрнек салынған. Ағаштан жасалған осындай ыдыстарға біздің халық астына от жақпай-ақ тамақтын небір түрлерін әзірлеген.Мысалы: қатты қыздырылған 4-5 кесек тасты тегенедегі сүтке салып жіберсе-ақ болғаны, бұрқылдап пісіп шығады.Бұлай пісірілген сүтті «Сүтқортық», немесе «Тасқортық» деп атаған.Осы сүтті шошынып ауырған балаларға ішкізіп емдейді.Мұндай әдістерді кейіннен басқа тамақ түрлерін әзірлеуге пайдаланған.

Тегенедегі қымызды сапырып тостағандарға құю үшін ағаштан жасалған ожаулар қолданылады.Кейбір қосбасты етіп жасалған ожаулар қымызға баптайды. «Су бетінде қалқып жүрген аққудай» көрініс береді.

Ағаш шеберледі жасайтын ыдыстардың ішінде ет тартатын жайпақ табақтар мен соқпақталып шабылатын шұңғыл астаулар бар. Мұндай атауғалар бар.Мұндай атауға қазы, қарта, жал-жая сияқты тағамдардан салып, сыйлы қонақтарға тартатын болған.

Қазақ шеберлері тұтас ағаш кесіндісінен ішін үңгіп келі жасайды. Күбі, киіз үй сүйегі, шаңырақ, уық, кереге, бесік, домбыра, қобыз т.б. жасайды.

Ағаштан жасалған бұйымдардың барлық түрін музейлерден көруге болады. Кейбір заттардың бірнеше ғасырлық тарихы бар.Олар ұзақ тұтынуға төзімді, әрі сапасыда жоғары.

Малына қолайлы жер іздеп көшіп-қонып жүретін малшы қауымның ішінде он саусағын өнер тамған майталман шеберлердің осындай бұйымдарды жасайтын шеберлердің ол кездерге шеберханасын да болмаған.Олар көлеңкелі жерлерге жайғасып, қажетті бұйымдарын күй талғамай жасай берген. Сөйтіп-ақ ағашқа «жан бітірген». Оны кейінгі жастарға да үйрететін. Олардың өнері атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге де жетті.

Ағашқа «жан бітірген» тақырыбын таңдап алудың себебі, туған жердің табиғи байлығы, яғни екпе қара талды қажетінше пайдаланған көнекөз қария Бурабаев Досан құранды ер жасауда елге танымал ерші атанып, қазір сол өнерін ұлы Бурабаев Базаргелді жалғастырып келеді.

Аннотация

Тәуелсіз дамуымыздың он алтыншы жылдығында әлемнің ең бір алпауыт елдері Қазақстан десе, төрін ұсынатын болды.Бұл Қазақ елінің нық сеніммен алға басып келе жатқанының көрінісі.

«Қазақстан 2030» бағдарламасының уақыт талабымен орындалуы дені сау, білімді ұрпақ-болашағымыздың кепілі екенін көрсетеді.Туған жердің табиғи байлықтарын білуге, қорғауға ағаштан жасалатын бұйымдардың аса құндылығына ағашқа «жан бітірген» ағаш ұстасының мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін фактілер көп.Сол себептен жұмысымыздың құндылығы осында.Жұмыстың мақсаты «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты ел басы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаздыққа жігерлендірер Жолдауына сеніммен қарап, елім, ұрпағым өссін деп өткен бабаларымыздың өнегесін үлгі ету, тәрбиелік санасын қалыптастыру. Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге талпынысын, ел ертеңіне артылған үлкен жауапкершілік екеніне ой, қозғау салу.

Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы:

Егер, ағаш бұйымдарын жасауда құндылықтарды іріктеп, ұлттық тәрбиеге лайық тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып, әдістемелік ұсыныстар жасалса, ағаш шеберханасы ашылса, онда мектеп қабырғасында рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және тәрбиелік санасы жоғары тұлға қалыптасады.

Зерттеудің теориялық мәнділігі:

Ағаштан жасалатын бұйымдардың, ердің түрлері, құранды ер бөліктерінің аталуы, ер-тұрман әзірлеуге қажет шикізаттар, сыр бойында өсетін ағаштардан жасалатын бұйымдарды алғаш рет кірістіре қарастырдық

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған жоба туралы жүйелі теориялық материал ұсынылды.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Сыр бойында өсетін ағаштардан жасалатын бұйымдарды танып біліп, ауылда өсетін екпе қараталдан «құранды ер» жасалатынын және оның жасалу жолдары, ер сүйегін шабуға арналған құрал – жабдықтармен, шикі заттармен танысып, деректер жинақтау, қорыту.

Сыр бойында өсетін ағаштар:

Сырда ағаштардың бірнеше түрлері өседі.Мысалы: жиде, тораңғы, жыңғыл, тал, сексеуіл, шеңгел, сәнбі тал т.б. Жиде – биіктігі 10м-ге дейін болатын ағаш.Шілде, тамыз айларында гүлдейді.Гүлі ұсақ, хош иісті, қызғылт сары. Жемісі бар дәнді, сүйекті. Тәтті жиденің дүниен жүзінде 40-қа жуық түрі бар. Жемісінде 40-60% қант болады.

Тораңғы – терек тусына жататын ағаш. Діңі түзу, жуандығы кейде 1м-ге жетеді. Сәуір айында гүлдейді.

Сексеуіл – сортаң топыраққа шыққан аласа бойлы ағаш. Кейбіреулерінің биіктігі 5м-ге, жуандығы жарты метрге дейін жетеді.

Ағаштан жасалатын бұйымдар

Ағаш – әртүрлі қажеттікке жұмсау үшін кесіліп алынған кесінділер.Ағаш шебері – ағаштан әр алуан заттар мен құрал-саймандар жасайтын мамандар. Ағаш ұқсату – қолөнердің көне түрі. Ол төрт топқа бөлінеді. «Балташылар – үй құрау, еден төсеу, арба, шана, есік-жақтау жасаушылар» «Үйшілер – киіз үй сүйегін, адал бақан күйме жасайтын ісмерлер» «Оймашылар – ыдыс-аяқ кереует кебеже жүк аяқ оюлайды, музыкалық аспаптар жасайды» «Тоқушылар – шарбақ, қора, себет сияқтыларды тоқиды» Ал Сыр өңірінде өсетін жиде ағашынан келі – келісап, күбі, ожау, қасық жасайды. Сәмбі тал – иілгіш, майысқақ, солқылдақ, қызыл шілік.Бұл ағашта Сыр өңірінде өседі.Одан киіз үйдің сүйегі жасалады. Сандық – киім-кешек тағы басқа заттарды салуға арналған айшықты жасалған бұйым. Күбі – май шайқайтын ағаштан жасалған ыдыс піспе шелек.Күбі көбінесе қайыңнан, еменнен, жидеден істеледі.

Арба — көлікке жегілетін төрт дөңгелекті тасымал құрал. Ат арба – атқа жегілетін арба. Аспалы бесік – төбеге іліп қоятын бесік. Әкпіз – су таситын иілген ағаш, мойын ағаш. Қобдиша — ұсақ-түйек салатын кішкене суаыт, сәндік бұйым.

Ер түрлері

Ерді үш топқа бөлген. Олар: а) Ашамай – бес жасқа дейінгі балалар мінетін ер.

ә) Ерлерге арналған ер.Жеңіл, берік болады, көп әшекейленбейді.

б) Әйелдерге арналған ер. Сүйегі, қаңқасы ауыр әрі алтын күміс асыл тастармен өте шеберлікпен әшекейленген.

Әзірлеу әдісіне орай ерлер екі түрге бөлінеді, олар: а) Сүйегі бүтін ағаштан тұтас шабылған ерді «сом ер» дейді.

ә) Бірнеше бөліктен қосып құрап жасалған ерді «құранды ер» деп атайды.

Ер сүйегін шауып болған соң сыиырдың жапасына, мұржадан шыққан ысты қосып түгел сылап, жел тимейтін көлеңкеге кептіреді.

Құранды ер бөліктерінің атаулары.

Қас-қазақы ерде алдыңғы және артқы қас болады. Алдыңғы қасы ілгері қарай сәл кергітіп, тіктеу қойылады.Артқы қасқа қарағанда сәл биіктеу келеді. Артқы қас сәл аласа, үсті кең. Ұялы, орнықты, шалқақтау қиылған.Қастың міндеті көп. Бәріненде үстінде отырған адам не алға, не артқа оқыс лоқып сыпырылып түспеуі қажет.

Қаптал – ат қапталына үйлестіріліп жонылған екі бөлек қисық ағаш.Ерді құрастырғанда қаптау екі қасқа бекітіледі. Тоқым үстінен ат қапталын қаба ұстайтын осы бөлшек қаптал аталған. Ердің алды, артына қарай – қапталдың алды, арты деп аталады.

Оқпан – ерді шалқасынан тастап қарағанда, екі қапталдың арасында болатын ойық.Ерді артқасалғанда аттың қыл арқасынан көрінетін, қол жүгіргендей қуыс. Бұл аттың құр арқасын бастырмау үшін қастың оыйғымен тең жасалады.

Бел ағаш – екі қапталға екі қас қиылғанда, ердің бел ортасы ашық қалады. Сол ашықты жабу үшін, оқпанынан ойығымен тең етіп, ойып шабылған қисық ағаш – бел ағаш деп аталады.

Үзеңгілік – үзеңгі бау өткізуге арналған екі қапталдағы тесік.

Қанжығалық – ердің алды, артында қапталдың қастан асып тұрған жері «қанжығалық» деп аталады. Төрт қанжығалыққа екі екіден сегіз тесік жасалған болады да әр екі тесіктен бір жұп қанжыға таспа өткізіледі.

Шеттік – артқы қапталдағы қанжыға тесігінен қосалқылап өткізіп бүлдіргеленген тұйық таспа «шеттік» деп аталады.

Керсендік – ердің адам мініп отыратын тұғырлығын керсендік деп, кей жерде «аттық» деп атайды.

Анжы – ойма қасты ердің бел ағашын орнына қойғанда, оны желімдемейді де, шегелемейдіде. Бел ағашты тек шикі қайыс қаспамен жан-жағына көктеп бекітеді. Осы көктеу таспаны — «анжы» деп атайды.

Туған жерім көктөбедегі тоғайда өсетін екпе қараталдан, Бурабаев Базаргелді ағаның жасаған құранды ерінің жасалу жолдарын көріп таныстым. Екпе қара тал қолдан өсіріледі. Жуандығы 30см ағаштан тамыз айында кесіп дайындалады.Көлеңкелі жерде 12 ай кептіріледі.Ер – құрамды ер, қоңырат ер депте аталады.Ер мініске, көкпарға дайындалады. Ердің өзі 16 құрақтан құралады.

1.Екі жақ қаптал.2.Екі қас.3.Екі қошқарлық.4. Керсендік.5.Екі жақтау.6.Көпірлік.7.Екі тіреуіш (керсеннің астында).8.Желкелік (қошқарлықпен байланысқан).9.Желкелік тіреуіш.10.Үзеңгілік.

Сыртқы қабығы түйенің терісінен, мойынағынан жасалады. Басы көңмен (былғарымен) қапталады.Көміс шеге (әшекейлі) қағылады. Ерді құрастыруда желім пайдаланылады. Желімді түйе, сиыр, жылқы сіңірін қайнату арқылы дайындалады. Қайнату мерзімі – үш күн.Тұзға салынып кептіріледі, түтіледі.

Ердің сүйегін дайындау кезінде мына құрал-саймандар пайдаланылған:1.Балта.2.Бұрғы.3.Қолара.4.Ұңғы шот.5.Түрпі.6.Қуыс құлақ.

Ертұрман әзірлеуге қажет шикізаттар

А)Ердің сүйегі негізінен ағаштан шабылады.ә)Ердің сүйегін қаптау үшін көң, қайыс, былғары, барқыт, шұға сияқты маталар таспа, желім, бояу, шеге қолданылады. Б)Ерді әшекелеу үшін асыл тастар, сүйек, мүйіз, тұяқ қажет.в) Бұлардан бөтен ер-тұрман әзірлеуге киіз, жүн, қыл, жіп, құр тәрізді шикізаттарды да пайдаланылады.

«Ата-баба мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған ғылыми жоба

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.