Ақсақ құлан туралы аңыз

«Ақсақ құлан» туралы аңыз /көрініс/

Автор: Ертеде Жошы деген хан болыпты. Үлкен баласы аңға шығып, құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Хан жаман хабар естігісі келмей жар салыпты:

Хан:
– Кімде-кім менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын.

Автор:

Халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін білсе де, айтуға батылдары бармайды. Бір домбырашы бұл хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. Уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді.

Хан:
– Қайдан жүрген адамсың? Мұнда неге келдің!

Күйші:
– Тақсыр! Менің бір күйім бар еді, соны сізге сынатқалы келіп едім.

Хан:
– Е, олай болса домбыраңды тарт!
Автор: Ханнан рұқсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда, домбыраның көмейінен:
Ақсақ құлан шошыған,
Қырда еркін жосыған.
Тынышын бұзып құланның,
Оқ атқан сіздің ұлыңыз,
Опат болды осыдан.
Хабарын соның айтуға,
Келіп тұр мынау домбыра, – деген қайғылы үн күңіреніп естіледі.. Мұны естігенде төрде отырған хан егіліп жылайды.

Хан:

– Тоқтат! Ұстаңдар мына күйшіні!

Күйші:
– Уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқан жоқ едім ғой, жазығым – өзіңіздің рұқсатыңызбен күй тартқаным ба? Барлық сырды ашып, айтып берген мынау домбыра емес пе?

Хан осы жерде сөзден жеңіліп, жарлығын орындау үшін:

-“Кім болса да бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын! Құй қорғасынды домбыраға!”

Содан бастап домбыраның шанағында тесік пайда болыпты.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше