Теңдеулер және теңдеулер жүйелері
Тақырыбы: «Теңдеулер және теңдеулер жүйелері»
Мақсаты: Оқушылардың «Теңдеулер және теңдеулер жүйелерін» шешуін тексеру.
Білімділік: Теңдеулер және теңдеулер жүйесіне оқушыларда қалыптасқан дағдылары мен икемдіктерін тексеру.
Көрнекілік: Плакаттарға жапсырылған құстарды есептер шығару арқылы табу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) Оқушылардың назарын өзіңе аудару.
б) Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру.
в) Құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.
Сабақтың түрі: «Құстар әлеміне» саяхат сабақ.
Балалар! Бүгінгі сабағымызда біз «Құстар әлеміне» саяхат жасаймыз. Саяхатты бастамас бұрын қандай құстар бар екенін есімізге түсіріп өтейік.
