Қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі ойыншықтар
БҚО, Ақжайық ауданы Чапаев ауылы
«Ақ бота» МДҰ ІІ санатты тәрбиешісі
Мурзагалиева А. И.
Тәрбиешілерге кеңес:
«Қазіргі заманғы бала тәрбиесіндегі ойыншықтар»
Соңғы жылдары кең көлемде дамыған қуыршақпен ойынды бақылау өте сирек кездеседі. Оның мәні неде? Неге қазіргі заманғы балаға қуыршақпен ойын қызықты емес болып қалды?
Бұл ересектердің балаға көп көңіл бөлмегендігінен болған сияқты, өйткені балалар өздерін өздері ойнамайды, бұл қызық емес. Сонымен қатар өнеркәсіп ұсынған қуыршақ сондай тартымсыз, сымбатсыз, сондықтанда балалар олармен
ойнауға қызықпайды. Ал қазіргі мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері оқу әрекетіне көбірек көңіл бөледі, сондықтанда балаларда ойынға уақыт жоқ, ал ондай мүмкіндік бола қалған жағдайда оны қалай істеу керек екенін білмейді: тәрбиешілер оны ұмытты.
