Абай Құнанбаев. Қыс
Абай Құнанбаев “Қыс”
Тақырыбы : Абай Құнанбаев. Қыс.
Мақсаты : 1. Абай Құнанбаевтың өмірі , оның шығармалары туралы білімін кеңейту. ”Қыс” туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу. Эстетикалық тәрбие беру.
Көрнекіліктер:Абай суреті, слайд, қыс мезгілі слайд, шырша бейнесі.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдістері:сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, қатармен жұмыс, ой қозғау, сөздік.
