Білім-инемен құдық қазғандай
Сайыстың тақырыбы: «Білім-инемен құдық қазғандай» сайысы.
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.
Қалбекова Саягүл «Мектебім» әні
1-жүргізуші:Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
