Жылу. Ф. Оңғарсынова
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебінің
Бастауыш класс мұғалімі
Тулешова Гүлжан Шапековна
Сабақтың тақырыбы: Жылу. Ф. Оңғарсынова
Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңнен ақын ойын ұға алуға, өлең мазмұнын түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алуға,анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету.
3. Ананы сыйлау , құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру.
Сабақтың көрнекілігі:
Кесте , күн мен ана суреті, қима қағаздар.
Сабақтың түрі:
Дамытушылық сабақ
