Армысың,берекелі әз Наурыз
Ақтөбе обл. Мұғалжар ауд.Ембі қаласы
«Достық» балабақшасының тәрбиешісі:
Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Тақырыбы: «Армысың,берекелі әз Наурыз!»
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу.Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен , шуағымен Күн -Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Жүргізуші: Жер ананың тоң кеудесі жібіп,Самарханның көк тасы еріген қасиетті Наурыз айы туғанда амандықпен қайта қауышқан күніміз құтты болсын!Наурыз елімізге құт-береке әкелсін!Наурыз мерекесі құтты болсын!
Наурыз өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз парсы тілінің «Нау» -жаңа, «рыз» күн деген сөзден шыққан.Күн мен түн теңеліп,жан-жануарлар төлдеп адамдардың аузы аққа тиетін жер үстінде шаттық орнаған. Наурыз тойын мерекелеу қарсаңында «Бұлақ көрсең көзін аш» деп қаумалаймыз. Су арналарын аршып айнала төңіректі тазартады. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсың» бір тал кессең, он ер тал ек деп бұлақ басына тал егеді. Әйелдер жаңа атып келе жатқан күнге иіліп сәлем беріп , кеудесі түкті жер ана, құт дарыт, жарылқа деп бұлаққа май құйып, өсімдіктерге ақ бүркеді. Сөйтіп игіліктің көзін ашып табиғаттың өсіп -өнуіне жағдай жасайды.
Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан амандасу рәсімі бар. Наурыз тілек- наурыз күнгі бет көрісіп ,амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақ пен айтылатын қуанышты тілек.Ұлыстың ұлы күні бір- бірімен араз адамдар татуласып, бір -біріне деген өкпесін кешіреді.
Аластау халқымыздың әдеп ғұрпы бойынша өткен күндерде ауырлық реніш сырқат бәрі ескі жылда басқан ізде жанған отта қалсын. Жаңа жылда көңілдегі көркем ой асыл арман ақ тілектеріміз орындалсын деген ниетпен аластайды.
Үт –сыңалау ,тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын қазақ үт кірді деп есептейді.
Ән: «Наурыз» хор
Жүргізуші:
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Т:-Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: – Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
Көктем:
Армысыздар балалар!
Тағы келді сендерге
Наурыз тойын тойлайтын
Келіп жеттім елдерге
Наурыз айы көктемің
Жарқырайды көкте күн
Сәбилерді қуантып
Былтыр келіп кеткенмін
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы-мен болам
Гүлге толы құшағы
Құлпырады кең далам
-Балалар бізге көктемде келіп қалыпты. Төрлетіңіз!
Есіктен бір топ ауыл адамдары кіреді.
Ұлдар: Ассалаумағалейкүм ата! (қол беріп амандасады)
Бәрі : Амансың ба әже! Армысыздар!
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!
Әже:Ал,құрметті қонақтар, төрге шығыңыздар!Ұлыстың ұлы күні әзірленген наурыз көжеден ауыз тиіңіздер!
Әже: Ішілетін жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар
Ошақта шоқ көп әлі,
Астың ауыр обалы,
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
«Наурыз көжені тоя ішсең-жыл бойы тоқ жүресің»-деген ырым сөз бар,көже ішіңіздер.
Ата: Бүгін Ұлыстың ұлы күні, үлкен той. Той әнсіз, жырсыз болған ба,ән айтып, би билей отырыңыздар.
Ата,әже: Өркендерін өссін, бақытты болыңдар!
Осы кезде атпен шауып бір бала кіреді.
Бала: Сүйінші,сүйінші!
Келін тұрып алдынан шығады.
Келін: Есенбісің құда бала? Құда-құдағи аман ба?Еркежан мен күйеу баланың халі қалай? Не қуаныш алып келдің?
Құда бала: Бәрімізде аманбыз.Мен сүйінші сұрап келдім.
Жеңешем бөпелі болды.Ағамның атқа мінері бар.
Келін: Қане, үйге кір, дәм ауыз ти.
Құда бала: Ассалаумағалейкүм! Армысыздар!Наурыз құтты болсын! Ағам мен жеңешем ер балалы болды. Сүйінші сұрап келдім.
Әже:Қалағанынды ал айналайын. Келінжан құда балаға наурыз көже құй.
Ата: Төрге шық балам.
Қыз бала: Ал, құда бала , Ұлыстың ұлы күні кездескен екенбіз,мына орамалды саған сыйға тартайын, өзім кестелеп дайындаған едім.
Құда бала: Рахмет.Қарымтасын қайтарармын.
Ата: Ал, енді батамды берейін.
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң ,жол болсын!Әумин.
Құда бала: Рұхсат болса , мен жүрейін.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Баян:
Хош келдің Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты
Жылда осылай келе берсін жасарып,
Гүлге бөлеп , нұрға бөлеп аймақты.
Ақжол:
Наурыз тойы салтымыз.
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Айша:
Келіңіздер наурыз күнін қарсы алайық.
Билейік ,жыр жырлайық , ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп наурыз келді
Арқанды кеңге салшы, уа халайық.
Исмайл:
О,ағайын, ағайын,
Думанға толы маңайың
Мереке болып келіп тұр
Наурыз айы –бал айың.
Галифа:
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың м
Қызығыңа тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.
Заңғар:
Ақ түйе қарны жарылды
Наурызды елім сағынды
Асыққын сенде сол тойға
Барлық жұрт мұнда ағылды.
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып , әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым .Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Наздана:
Құтты болсын Наурыз,
Үйге ат ізін салыңыз
Ұлы күні ұлыстың
Дастарханда барымыз
Ернұр:
Құтты болсын айтамын,
Наурыз тойға халқым-ай
Шықтық біздер жырлауға,
Қазағымның салтын-ай.
Мансұр:
Наурыз келді құт болып,
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады
Арайлым:
Мерекені байырғы
Алды халқым қабылдап
Ақ дастархан жайылды
Ошақта от жалындап
Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз,
Ұлыс оң болсын,Ақ мол болсын!
Айәділ:
Ұлыс күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар
Ұйқыашар селтеткізер салт-дәстүрлі бойынша Наурыз күні қыздар жігіттерге дәмді тағам пісіреді. Ал, жігіттер қыздарға сыйлау үшін айна ,тарақ, иіс су дайындайды.
Тәрбиеші:Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан»
Орындайтын: Сембай Бекұлан
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран),кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша , тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың , яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Ералы:
Ұлыс күні бар халық
Бір-біріне жақындап
Ізгі тілек тілейді
Ниеттерін айқындап
Азиз:
Наурыз тойым,
Құтты болсын халайық!
Қане достар!
Шырқап әнге салайық!
Ғазиз:
Осыншама жақсылық,
Алып келген Наурызым
Төрлет ,бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің
Арслан:
Оралды ойларың,
Құтты болсын тойларың
Ұлы күні ұлысты
Күн мен түні теңелген
Қайсар:
Күн мен түн теңеледі,
Жер шуаққа кенеледі
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Әлихан:
Күттіріп келген жыл басы.
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханыма елімнің
Береке, ырыс сыйлашы
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да
халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра » деп бекер айтпаса керек.
Осы кезде сырттан домбыра үні естіледі. Залға қолында домбырасы бар келіншек кіреді.
Қонақ келіншек:
-Сәлеметсіздерме жамағат! Армысыздар!Мен жолаушы едім. Сіздердің дауыстарыңызды естіп бұрыла кеткенді жөн көрдім. Тойларыңыз құтты болсын!
Жүргізуші:Жақсы келдің құрбым. Құдайы қонақ келсе қойың егіз табар деген төрге шық,қонақ бол.
Қонақ келіншек: Ал тойларыңызға шашуым болсын, ән шырқап берейін,қабыл алыңыздар!
Ән: «Тойбастар»
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс.Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық , суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Екеуі:
Айналайын халқым-ай,
Болсын жүзің жарқын-ай
Ата-салтын сақта деп,
Ұран етем баршаңа-ай
Асылым:
Құтты болсын айтамын,
Наурыз тойға халқым-ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын-ай
Бекұлан:
Тойға тарту етердей
Не сыйың бар еркем-ай
Жұмбақ, тақпақ, жаңылтпаш
Айтасың ба ертегі-ай
Асылым:
Айтсам егер жаңылтпаш,
Жаңыласың қалқам-ай
Жұмбағымды шеше алмай,
Жаңыласың қалқам-ай
Бекұлан:
Қына тасқа бітеді,
Ақыл басқа бітеді
Жұмбақтарды шешердей
Білім бізде жетеді
Екеуі:
Наурыз тойын бүгінгі
Құтты болсын халқым-ай
Отанымның тұғыры
Мықты болсын халқым-ай!
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Бақтияр: Төле би айтқан екен
Жаңбыр жаумаса, жер жетім
Басшысы болмаса ел жетім
Ақылсызға айтқан сөз жетім,-демекші ,балалар ,сөзге тұра біліңдер,үлкенді сыйлаңдар.Наурыз тойы құтты болсын халайық!
Әлішер: Әйтеке би айтқан екен:
Бөбектерім, еш уақытта ашуға берілмеңдер сабырлы болыңдар, ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Сөз қуған бәлеге жолығар,
Жол қуған олжаға жолығар
Балаларым,жолдарын болсын!
Наурыз тойларын құтты болсын!
Мерген: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Кекшіл болма,
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең
Өршіл болма
Атаның өсиетін балаға,
Баланың өңерің атаға
Айтып тарата білген елміз.
Балаларым ,өнерлі болыңдар.
Наурыз тойы құтты болсын!
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан шарту»
Ойын: « Күш сынасу»
Би: «Грузин»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,-дегендей аталардан бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Ілесіп наурызбен көктем жетсін
Көңілін үлкен кіші көкке өрлетсін
Еңсесі көтеріліп ер азамат
Ескі жылмен реніш,өкпеңкетсін-дегендей жаңа жылқы жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл бақыт, табыс, достық әкелсін-дей отырып осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
