Қысқы көңілді ойындар
Қысқы көңілді ойындар!
Мақсаты: Табиғаттың сауықтырушылық күшін пайдалана отырып, балалардың денсаулығын сақтап нығайтуға ықпал ету. Қимыл – қозғалыс қабілеттерін жетілдіріп, сергек, шат көңілді және белсенді болуға, ептілікке, жылдам қимылдауға, батылдыққа, төзімділікке баулу. Досқа көмектесу, сыйластық, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Қажетті – құрал жабдықтар: 2 шана, ойыншықтар, қар жапалақтары – бала санына. Кейіпкерлер: Қар – адам. Өткізетін жері: Балабақша ауласы.
Тәрбиеші: Амансыңдар ма, балалар! Амандасу деген не?
Балалар: Амандасу – ол аман – саулықты сұрау. Адамдар сәлемдескен кезде бір – біріне денсаулық тілейді.
Тәрбиеші: Аман – саулық немесе денсаулық деген не?
Балалар: Денсаулық – ол күш-қуат, ептілік, шымырлық, тазалық, сұлулық, жақсы
