Жыл басы – Наурыз
Тақырыбы: « Жыл басы – Наурыз!»
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт – дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Безендірілген топ бөлмесі.
Тәрбиеші: – Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар , қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күні – біздің ата – бабаларымыз , арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
