Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралар ы
Оқушылардың «Электр энергиясын үнемдеп пайдаланайық» атты апталықтан алған білімдерін жинақтау, ой – өрісі мен танымдылық қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, әдептілікке, шығармашылыққа баулу өз ойларын еркін жеткізуге дағдыларын қалыптастыру мақсатында «дөңгелек стол» өткізгелі отырмыз.
Тақырыбы: Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды электр энергиясын үнемдеп пайдалануға
үйрету және электр тогымен жұмыс істеген кездегі
сақтық шараларын білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісі мен танымдылық қасиеттерін
дамыту. Байқау және шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру.
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын, ізденімпаздылығын
арттыру.
Түрі : Дөңгелек стол
Әдісі: Сұрақ – жауап
