Айналайын, ақ мамам
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Құмтоғай орта мектебі
Өткізген:Нұрмахан Лязат Қайырханқызы
Айналайын, ақ мамам!
Ана-жүрек,сол жүректе құдірет те,
Ана-тірек, сол тіректі құрметте.
Ана шыңын,ардақ тұтар биікте,
Ана – күнің,сәуле шашар жүректе..
Зал іші мерекеге сай безендірілген.Көңілді әуенмен балалар залға кіреді,бөлмені бір айналып шығып,орындарына отырады.
Мұғалім:Бүгін біз жыл мезгіліндегіең тамаша сегізінші наурыз –аналар мерекесін тойлағалы отырмыз.Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы келіспейтін де секілді.Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір,
жылылық пен әсемдік сыйлады.Ана –әлемнің жан дүниесі,өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы.
Аяулы аналар!мерекелеріңіз құтты болсын!Сіздердің көңілдеріңіз әрқашан шат,жүздеріңіз жарқын,дендеріңіз сау болғанын тілейміз.
