БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ ПРОФЕССИОГРАММАСЫ ЖӘНЕ ИМИДЖ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Жұмабек Тұрсынкүл Сырманқызы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
«Педагогика және психология» мамандығының магистранты
Қазіргі бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дайындығында жас ерекшелік педагогикасы мен психологиясы және балалармен жұмыс істеу біліктеріне аса назар қойылады, сонымен қатар маманның жалпы мәдени дайындық деңгейі
де ескеріліп отырады. Бастауыш сынып мұғалімінің интеллектуалды, коммуникативтік, ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары деңгейде болуы тиіс. Осы талаптардың барлығы бастауыш мектеп мұғалімінің жалпы қызметтік сипаттары мен қызметтік міндеттеріне жүктеледі.
Бастауыш мектеп мұғаліміне қойылатын талаптардың жиынтығы мен атқаратын қызметтерінің сипаттамалары оның профессиограммасында
