ТІЛДІ ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ Қ АЛЫПТАСТЫРУ. ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПЕК ТІЛЕРІ
Жалғас Гүлбану
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,
Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
ТІЛДІ ОҚЫТУДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІ
«Тіл – халық рухы, халық рухы – оның тілі» деген екен атақты неміс ойшылы, тілшісі Вильгелм Гумбольдт. Ұлтаралық қатынастардың негізгі дәнекершісі – тіл. Алайда тіл туралы толғанғанда оны әлеуметтік өмірмен, болашақпен тығыз байланысты қарастыруымыз қажет. Тіл үйренудеЫНТА, ЗЕЙІН, ТАЛАП, БЕЙІМДІЛІГІ, ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ, ДАМЫТУ, МЕҢГЕРУ үдерістері қатар, яғни бірге жүруі тиіс.
Ықылас пен ынта болмаған жерде еңбектің өнбегі болмақ емес. Ал ықылас пен ынта, тіл білсем деген құштарлық пен құлшыныс өзінен – өзі келмейді. Бұлар үйренуші мен үйретушінің объектіге деген қатынасы негізінде туындайды.
Әлбетте, бұл өз кезегінде тілге деген әлеуметтік қажеттілікті екі жақтың бірдей сезіну, сезінбеуіне тікелей байланысты. Олай болса, әлеуметтік қажеттілікті үғыну мен ұғындыру ісі оқу-ағарту саласының барлық арнасы
бойынша, атап айтқанда, балабақша, мектеп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында, мамандық жетілдіру, ересектерді оқытатын курстар мен үйірмелерде жоспарлы жүргізілуі тиіс.
