Кремний. Кремний диоксиді
Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
Кеңқияқ орта мектебі.
Балдосова Айнур Абдигапаровна
Сабақтың тақырыбы:Кремний. Кремний диоксиді.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың IV топтың негізгі топшасына кіретін элемент кремний және кремний диоксидінің физикалық, химиялық қасиеттерімен таныстыру, химиялық элементтер жөніндегі білімін тереңдету.
Дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ой-өрісін,шығармашылық мүмкіндігін арттыру.Химия пәніне қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды жеке және топпен жұмыс істеу дағдысына, өзара көмекке, ынтымақтастыққа үйрету.
Сабақ түрі:аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,тапсырмалар ,есептер шығару.
Көрнекіліктер: периодтық жүйе,интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақ барысы:I. Ұиымдастыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы: Көміртек. Көмір қышқылы және карбонаттар.Көміртектің табиғаттағы айналымы.
Сұрақтар.
1.Көміртектің периодтық жүйедегі орны?
2.Көміртектің атом құрылысы.
3.Көміртектің табиғатта таралуы.
4.Көміртектің аллатропиялық түрөзгерістерін ата?
5.Адсорбция дегеніміз не?
6.Көміртегі оксидтерінің физикалық қасиеттері қандай?
7.Көмір қышқылы, тұздары туралы түсінік?
8.Көміртекке тән тотығу дәрежелерін ата?
9.Көміртектің химиялық қасиеттері? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
10.Көміртектің табиғаттағы айналымы және маңызы.(сурет бойынша түсіндіру)
III.Жаңа сабақты игерту.
Si-III период, IV топтың негізгі топшасында орналасқан.
Реттік нөмірі: 14
Салыстырмалы атомдық массасы: 28
Атом құрылысы: Si+14)2)8)4
Тотығу дәрежесі: -4, +2, +4.
Кремний жер қыртысында мөлшері бойынша оттектен кейін екінші орында. Табиғатта кремний тек қосылыс, яғни оксид және силикат түрінде кездеседі. Кремний минералдар мен тау жыныстары құрамындағы басты элемент болып саналады.Ең көп тараған кремнезем құмның негізгі бөлігі.
Алынуы.1.магнийге ақ құммен қосып қыздырып алады:(тәжірибе көрсету)
SiO2+2Mg=2MgO+Si
2.Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қыздырып алады(тәжірибе көрсету)
SiO2+2C=Si+2CO
3.Si таза күйінде Швед ғалымы И.Я.Берцелиус 1822 ж бөліп алды.
Кремнийдің физикалық қасиеттері.
Кремнийдің 2 аллатропиялық түрөзгерістері бар.
Кристалдық кремний-қара сұр, металдық жылтыры бар, өте қатты,қиын балқитын, аздап электр тоғын өткізетін зат.
Аморфты кремний-сұрғылт түсті ұнтақ зат.
Кремнийдің химиялық қасиеттері.
1.Аморфты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі.(тәжірибе көрсету)
Si+2CL2=SiCL4
Si+O2=SiO2
2.Металдармен әрекеттескенде тотықтырғыш болады.(тәжірибе көрсету)
Si+2Mg=Mg2Si
3.Концентрлі сілтімен реакцияға түседі.
Si+2NaOH+H2O=Na2SiO3+2H2
SiO2 табиғатта таралуы.(суреттер арқылы түсіндіріледі)
Физикалық қасиеттері.
SiO2- атомдық кристалдық торлы қиын балқитын зат. Балқу температурасы 1713 с.Ақ түсті құм.
Химиялық қасиеттері.
1.Сілтімен:SiO2+2NaOH=Na2SiO3+H2O
2.Негіздік оксидтермен: SiO2+2MgO=MgSiO3
3.Карбонаттар қосып қыздырғанда, ұшқыш газ бөледі.
SiO2+Na2CO3=Na2SiO3+CO2
Кремний және кремний диоксидінің қолданылуы(тірек-сызба арқылы түсіндіру)
Бекіту:
№1. Массасы 36 г магнийді кремний оксидіне қосып қыздырғанда қанша кремний түзілетінін есептеңдер.
№2.Мына айналулар тізбегіндегі реакция теңдеулерін жазыңдар.
Si=SiO2=K2SiO3=H2SiO3=SiO2
Графикалық тест. «Иә», «Жоқ».
1.Кремний III период, IV топтың негізгі топшасында орналасқан.
2.Кремний тек жай зат ретінде кездеседі.
3.Екі аллатропиялық түрөзгерісі бар.
4.Кремний қыздырғанда жай заттармен әрекеттеспейді.
5. -2, +3 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Бағалау. Біліміне қарай оқушылар бағаланады.
Үй тапсырмасы: 24 тақырып №4,6 110-115 бет
Сабақтың тақырыбы: 24.Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік міндеті: Оттек мысалында химиялық элементтің қасиеттерін оқып-үйрену.
Дамытушылық міндеті: Жану процесінің мағынасы мәні жайлы оқушылар көз қарасын дамыту.
Тәрбиелік міндеті:Оқушының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, өз ойын дұрыс айта білуге, химиялық реакцияларды дұрыс оқи білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақ көрнекілігі: периодтық жүйе, 3-4стакан, күкірт,спирт, спирт шам, фосфор, сіріңке.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. (оқушыларды түгендеу).
2.”Миға шабуыл” кезеңі. Бұл бөлімде үй тапсырмасы тексеріледі.
Үй тапсырмасы: Оттектің жалпы сипаттамасы.Оксидтер.
1.Оттек латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
2.Оттектің жалпы сипаттамасы?
3.Оттектің физикалық қасиеттері?(ол иіссіз,түссіз,дәмсіз,газ,суда аз ериді,-183С-та сұйылады,-218С-та қатады),
4.Сұйық және газ куйіндегі оттекті қандай ыдыстарда сақтайды?(дьюар ыдысында, газ күйіндегі оттек болат баллондарда сақталады)
5.Өршіткі дегеніміз не?
6.Оксидтер дегеніміз не?
Деңгейлік тапсырмалар.”Сен оқысаң, мен тоқысам”
- Деңгей :Төменде көрсетілген заттардың ішінен оксидтерді теріп жаз.
H2 SO4; SO2; NaOH;CUO; MgCL2;SO3;H3;PO4;AL2O3; Ca(OH)2; PBO;
2-Деңгей:Мына оксидтерді жүйелеу номенклатурасы бойынша ата.
Na2O;BaO;CUO;Fe2O3;Mn2O7;
3-деңгей:мынахимиялық элементтердің оксидтерінің формуласын құрыңдар.
Фосфор(v),көміртегі(и жәнеv),мыс(i),калий(i),хлор(и).
3.жаңа сабақ.
Көптеген металдар мен бейметалдар оттекпен әрекеттесуге бейім келеді.Оттекке тән басты қасиет –оның жануды қолдауында.Жай және күрделі заттармен қосып қыздырғанда,оттек олармен қуатты әрекеттеседі.Реакция кезінде жылу бөлініп,жарық шығады.Ондайреакцияларды жану реакциясы деп атайды.Оттек жану, тыныс алу металдың таттануы,өсімдік пен жануарлар қалдықтарының шіруі секілді процестерге қатысады.
Химиялық қасиеттері:
1.Көмірдің оттекпен әрекеттесуі:C+O2=CO2
2.Күкірттің оттекпен әрекеттесуі.S+O2=SO2
3.Фосфордың оттекпен әрекеттесуі.4P+5O2=2P2O5
4.Металдардың оттекпен әрекеттесуі.2CU+O2=2CUO
5.Метанның оттекте жануы.CH4+2O2=CO2+2H2O
Тәжірибе:Спирттың жануы.
Күрделі заттардың ауада немесе оттекте жану теңдеуін құру және теңестіру.
1.Реакциядағы реагенттер мен өнімдердің формуласын жазу.
C2H2+O2=CO2+H2O
2.Өнімнің құрамындағы атом сандарын коэффициент қою арқылы теңестіру.
C2H2+O2=2CO2+H2O
3.Өнімдегі оттек атомының саны тақ болса,жеке тұрған оттектен басқаларының коэффициенттерін екі еселеу.2C2H2+O2=4CO2+2H2O
4.Өнімдегі оттек атомының санын қайта есептеп,реагенттегі O2 формуласының алдына коэффициент қою арқылы теңдеуді теңестіру.
2C2H2+5O2=4CO2+2H2O
Бекіту:№3 мына заттардың оттекпен әрекеттесу реакциясының теңдеулерін жазып теңестіріңдер:
А) магний ә)кальций б)кремний в)сутек
ЁА)2Mg+O2=2MgO Ә)2Ca+O2=2CaO Б)SI+O2=SIO2 В)2H2+O2=2H2O
№6 Берілген айналымды іске асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар.
KCLO3= O2=AL2O3
1 2KCLO3=2KCL+3O2
2.4AL+3O2=2AL2O3
3.O2+C=CO2
V.Кім зерек? Ойыны.Оксидтерді жіктеңдер.
Оксид. Оксидтердің жіктелуі.
CaO
P2O5
Na2O
SO2
ZnO
CO2
Химиялық диктант.
Оттек … зат.Жай зат оттекпен әрекеттескенде … түзіледі.Жылу мен жарық бөлетін … реакциясы.Оттек суда … ериді.Қарапайым жағдайларда … газ.Күрделі заттар жанғанда … газы және … түзіледі.Оттек … алу үшін қажет.
Үй тапсырмасы: 24.№4,5,7. 63-66 бет.
Бағалау:Оқушылар жетон арқылы бағаланады.
Сабақтың тақырыбы: фосфор
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға фосфор элементінің периодтық жүйедегі орны,физикалық
және химиялыққасиеттеріғтабиғатта таралуы,алынуы және қолданылуы
жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық:Сабаққа белсенділіктерін арттыру,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды ізденушілік, шығармашылыққабілеттерін, дүниетанымдық
көзқарастарын тереңдету,ұйымшылдыққа,қоршаған ортаны
қорғауға,табиғатты сүюге тәрбилеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтыңәдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру,интерактивті тақтамен жұмыс.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.(оқушыларды түгендеу)
II.”Ой толғаныс” кезеңі.Бұл бөлімде үй тапсырмасы тексеріледі.
Үй тапсырмасы: Азот.Азот қосылыстары.Үй тапсырмасы сұрақ-жауап арқылы сұралады.
I. 1.Д.И.Менделеев кестесі бойынша азот элементіне сипаттама.
2.Азоттың физикалыққасиеттері қандай?(таза-азот түссіз, -196 С-та сұйылады,- 210С-та қар тектес массаға айналады)
3.Азоттыңқосылыстарын ата?(NO,NO2, HNO3)
4.Азот (II) оксидтің формуласы және физикалыққасиеті?(ол түссіз, суда аз еритін газ, ауадағы оттекпен оңай тотығады)
5. ,NO2- тің физиологиялықәсері қандай?( адам қанындағы гемоглабинді азайтады, көзге зиянды әсер етеді,өсімдіктерден алынатын өнімнің түсімі төмендейді)
6. Азот қышқылының формуласы қандай және оныңқолданылуы?(HNO3.75% -ералды тыңайтқыш өңдіруге, 15%- қопарғыш заттар алуға, 10%-і бояулар, дәрі-дәрмектер жасауға, металдарды өңдеуге қолданылады)
7.Азот қышқылының тұздары қалай аталады?(нитраттар
1.N₂+…→2NH₃ А.O₂
2.N₂+…→2NO. B.Li
3.N₂+…→2Li₃N C.H₂
4.2NO+…→2NO₂ D.HNO₃
5.4NO₂+…+2H₂O→4HNO₃ E.O₂
6.CU(OH)₂+…→CU(NO₃)₂+2H₂O Ж.O₂
II . ”Мағынаны тану” кезеңінде интерактивті тақтаны пайдаланып , слайдтар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін жұмбақ жасырылады.
Менің сырым әйгілі, жария болды бар елге,
Барлық организмге енемін, өсімдікке тыңайтқышпен келемін.
Ақ, қара,қызыл фосфор туысым бар,
Менің де шаруашылықта үлесім бар.
Жауабы:(Р)
Сонымен жаңа сабағымыздың тақырыбы: Фосфор
Таңбасы: Р
Периодтық жүйедегі орны: V топ, 3-период, негізгі топша.
Реттік нөмірі: 15
Салыстырмалы атомдық массасы: 31
Атом құрылысы: +15Р)2)8)5
1S2 2S2 2P6 3S2 3P3 –Электрондық формуласы
| ↑↓ | ↑↓ | ↑↓ | ↑↓ | ↑↓ | ↑↓ | ↑ | ↑ | ↑ |
Графиктік формуласы: ↗
Тотығу дәрежесі: -3; +3; +5.
Ұшқыш сутекті қосылысы : PH3-фосфин газы
Фосфорды ашқан ғалым: 1669 жылы неміс химигі Х.Бранд
Табиғатта кездесуі:
Тау жыныстарында←
