Менің ұстазым
А.С.Пушкин атындағы орта мектеп
Дауылбай Алмагүл
Өзін-өзі тану мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым
Мұғалім – мектептің жүрегі. (Қазақтың ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин)
Сабақтың мақсаты: Балаларды «Білім», «Еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және «Сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
* ұстаздың әр маманы әр оқушыға, досқа жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру:
* ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту:
* ұстаз еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, фото, көрме.
Шаттық шеңбері:
Балалар шеңбер құрып, бір-бірімен сәлемдеседі. Үнтаспаға қосылып «Мектебім» әнін айтады.
