Оқушылардың шығармашылығын арттыру
Тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылығын арттыру»
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық
бағытта жан- жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу, тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Білім негізі бастауышта болғандықтан, бастауыш сынып мұғалімдерінің жүгі өте ауыр екені бәрімізге мәлім.
Мектептегі басты тұлға – мұғалім, оқу процесінің негізі – сабақ. Демек әр сабақты тиімді әрі қолайлы әдіс – тәсілдерін таба біліп, әр сабақтың білімділік, тәрбиелік мәнін жете түсініп, әдістемелік жағынан дұрыс ұйымдастыруға міндеттіміз.
Қай пәнді болса да, оқушыларға түсінікті, қызықты және тартымды, күнделікті өмірмен байланыстыра өткізу – әдістеменің басты талабы. Материалды толық меңгеріп.
