Ер есімі – ел есінде
Тақырыбы: «Ер есімі – ел есінде»
Сабақтың мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, оқушылардың елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
Мұғалім: 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те Гитлер әскері тұтқиылдан шабуыл жасады. елінен «соғыспау» туралы жазылған шартын опасыздықпен бұзды. Соғыстың алғашқы сағаттарынан бастап ақ жау ұшақтары кеңес әскерлерінің
маңызды орындарын жаппай бомбылады. Осы күннен Отанды қорғау соғысы басталды., халық қолына қару алып майданға аттанды. «Біздің ісіміз – әділ, жау талқандалды, біз жеңіп шығамыз» деген үндеу жолданды. Ақыры біз жеңіп
шықтық! Қазақстандықтар Отанын жаудан қорғауда кеудесін оққа төседі, жанын қиды.
