Ойлы бала озар

Тақырыбы: «Ойлы бала озар»

Мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу және пәндерге деген қызығушылығын арттыру.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, жиналған көпшілік. «Ойлы бала озар» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі сайысымызға үш топ қатысып отыр. Топтарды таныстырып өтейік:

1. «Тапқырлар» тобы. Ұраны: «Оқу білім бұлагы, білім өмір шырағы»

2. «Білгірлер» тобы. Ұраны «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп»

3. «Алғырлар» тобы. Ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ».

Әр топты жауаптарына қарай түрлі фигуралармен бағалау

1-сайыс «Жұмбақтар шешу» Құстарға байланысты жұмбақтар шешу

1. Кеудесі қайқаңдап, жүреді байпаңдап. (Қаз)

2. Көктемде ұшып келеді, жаздай концерт береді (бұлбұл)

3. Сирағы ұзын, тырнағы ұзын, балықты үзбей,

Ұстайтын шоқып,тұмсығы біздей. (Тырна)

4. Садақша мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жердегі құстың серкесі

Көктемгі құстың еркесі. (Аққу)

Ойлы бала озар.docx

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше