Есімдікті қайталау
Пәні : қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: Есімдікті қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Есімдік және оның мағыналық түрлерін қорытындылай отыра,әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың білім –біліктерін байқау, тиянақтау, пысықтау.
Дамытушылық : Оқушының ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру,танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру,есімдіктің мағыналық түрлерін бір –бірінен ажырата алу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік : Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа, сауатты жазуға, есімдіктерді ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білуге баулу, ұшқырлыққа, тапқырлыққа, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: білімін пысықтау сабақ.
Сабақтың әдісі: РАФТ стратегиясы, сұрақ – жауап,жеке жұмыс, жаттығулармен жұмыс , семантикалық картамен жұмыс, ойландыру, сызбамен жұмыс,сергіту сәті,ойын.
