М. Мақатаев Фантазия
Машина Венера Мәженқызы
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы
Т. Шонанұлы атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев « Фантазия »
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: М. Мақатаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, ақын идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу;
2. Тәрбиелік: өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасаған істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы.
