Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсаты ндағы ойын технологиясының маңызы
Лебедева Бахыт Абенқызы
Ақтөбе қаласы,
№11 «Ақбота» көруі мен сөздері бұзылған
балалар үшін мектепке дейінгі арнаулы
(коррекциялық) ұйымының тәрбиешісі
Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын
ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар,
этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
